Мобильді төлемдер туралы салық нормасы 1 наурызда күшіне енеді. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Жақында «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» кодекске (Салық кодексі) түзетулер енгізілді. Енгізілген өзгерістер салықтық әкімшілендірудің тиімділігін арттыруға, көлеңкелі экономиканың үлесін азайтуға және адал бизнесті қолдауға бағытталған», деп жазады министрліктің баспасөз қызметі.
Ресми органның мәліметі бойынша, заңды әзірлеуге «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы, екінші деңгейлі банктер атсалысқан.
«Бұл нормалар кәсіпкерлік мақсаттағы мобильді төлемдерді жеке тұлғалардың жеке аударымдарынан ажыратуға мүмкіндік береді, Қаржы министрлігі жеке тұлғалардың жеке аударымдарына салық салынбайтынын айрықша атап өтеді. Заңнамада «мобильді аударым» және «мобильді төлем» екі бөлек көрсетілген. Соңғысы тауарлар мен қызметтерге ақы төлеу үшін жүзеге асырылады. Бұл салық декларацияларында кәсіпкерлердің кірістерін дұрыс көрсетуге әкеледі», делінген мамандардың түсіндірмесінде.
Министрліктің ұстанымы бойынша, мобильді төлемдерді жеке тіркеу шарасы онлайн аударым жасайтын адамның бәріне салық жауапкершілігін жүктемейді. Тек бизнестің қолданыстағы заңнамада қарастырылған салық міндеттемелерін орындауына бағытталған.
«Кәсіпкерлер бұрынғыдай мобильді төлемді алғаннан кейін тұтынушыға кассалық чек беруі керек. Мобильді төлемге қатысты нормалар 2022 жылғы 1 наурыздан бастап күшіне енеді. Кәсіпкерлік қызмет белгілері бар ұтқыр төлемдер бойынша деректермен алмасу тек 2025 жылдан бастап жоспарланады», деп жазады ведомствоның баспасөз қызметі.
51,4 мыңға жуық адам әлеуметтік төлем алды
Қоғам • Кеше
Футболдан Қазақстан чемпионаты: «Ақтөбе» топ жарды
Футбол • Кеше
Елордада екі автобустың бағыты уақытша өзгереді
Елорда • Кеше
Ирандағы жер сілкінісінен бес адам көз жұмды
Әлем • Кеше
Алматыдағы Сайран көлі құрғатылады
Экология • Кеше
Алматыдағы «Алтын-Орда» базары маңында дәмхана өртенді
Аймақтар • Кеше
Бүгін Қазақстан әскери-әуе күштерінің құрылған күні
Қазақстан • Кеше
Мүлік иелері бірлестігіне көшудің механизмі түсіндірілді
Қазақстан • Кеше
Қазақстан-Люксембург дипломатиялық қатынасына 30 жыл толды
Қазақстан • Кеше
Жетісу өңірінен шыққан қос тұлғаға ескерткіш орнатылды
Аймақтар • Кеше
Президент Алматы әкімін қабылдады
Президент • Кеше
Қазақстанның дипломатиялық қызметіне – 30 жыл
Қазақстан • Кеше
«Қазфосфат» кәсіпорында 2 жұмысшы мерт болды
Қоғам • Кеше
Алматы мен Ақтөбеде ауа сапасы нашарлайды
Ауа райы • Кеше
Иранда 6 балдық жер сілкінісі болды
Әлем • Кеше
Өткен тәулікте 187 адам індет жұқтырды
Коронавирус • Кеше
Бүгін ақын Мұхтар Шаханов 80 жасқа толды
Қазақстан • Кеше
Елордада субұрқақтан энтеровирус анықталды
Елорда • 01 Шілде, 2022
Мақтаарал тұрғыны ауласынан адам сүйегін тауып алды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
Өнер • 01 Шілде, 2022
Өскеменде 4,3 млн теңге жымқырған есепші ұсталды
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Отандық кәсіпкерлер кеңесінің отырысы жаңа форматта өтті
Үкімет • 01 Шілде, 2022
Қарағандыда ғарыш мониторингі базада тіркелмеген 11 мың жер учаскесін тапты
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • 01 Шілде, 2022
Түркияда Мұхтар Шахановтың 80 жас мерейтойы атап өтілді
Әлем • 01 Шілде, 2022
Мемлекеттік баға реттеу мәселелері туралы заңға өзгерістер енгізілді
Президент • 01 Шілде, 2022
Президент қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға қол қойды
Президент • 01 Шілде, 2022
Биыл Шымкентте 51 үй пайдалануға беріледі
Аймақтар • 01 Шілде, 2022
Мәдениет министрлігінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүріп жатыр
ANTIKOR • 01 Шілде, 2022
Ақсу электр станциясында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • 01 Шілде, 2022
Қоғам • 01 Шілде, 2022
Ұқсас жаңалықтар