Аймақтар • 23 Желтоқсан, 2021

«Сүйінші» сыйқораптары

433 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл мегаполисте Тәуелсіздігіміздің отыз жылдығын ұлықтауға бағытталған шаралардың қатарында жүрекке жылы тиетіні аз емес. Мысалы, мереке күндері Алматыда 215 сәби дүниеге келді. Жарық дүниеге келген нәрестелердің өмірі жақсы ырыммен басталып, тәуелсіздік күніне орай оларға «Сүйінші» сыйқораптары тарту етілді.

«Сүйінші» сыйқораптары

Бұл қораптарда бөбектерге керекті заттардан бөлек, ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құт­тықтау тілегі жазылған ашық хат, «Тәуелсіз Қазақстанға 30 жыл» тиыны мен баланың туу туралы куәлігі салынған.

«Дүниеге сәбиіміз келіп бір қуансақ, «Сүйін­ші» қорабын алып қуанышымыз еселеніп жатыр. Оның үстіне сәбиіміз мереке күні дүниеге келді. Қуанышымда шек жоқ. Президенттің өзі құттықтау хатын жолдап жатса, неге қуанбасқа! Балам Қазақстан Республикасының бақытты балаларының бір болып өседі деп сенемін! Өмірге алғашқы келген күннен құрметке ие болып жатыр. Елімізде аналар да, балалар да бақытты болсын!», дейді Алматы қаласының тұрғыны Гүлфия Ескелдинова.

«16 желтоқсан, мереке күні менің ұлым дүниеге келді. Өте бақыттымын! Саян біздің үшін­ші баламыз. Бүгін бізге Президенттің құт­тық­тауымен сыйлық әкелді. Күтпеген, кере­мет жағымды жаңалық болды. Қорапта ана мен балаға қажет нәрсенің бәрі бар. Ұйым­дастырушыларға рахмет!», дейді Динара.

Тәуелсіздік күні дүниеге келген 2 мыңнан астам сәбиге baby-бокстар сыйға тартылды.

Айта кету керек, «Сүйінші» сыйқораптарын Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш министрлігі «Азаматтарға арналған үкі­мет­пен бірге және Ұлттық банк, Центр­кре­дит банкі және «Қазпошта» АҚ қатысуымен ұйымдастырды.

 

АЛМАТЫ