Оқиға • 23 Желтоқсан, 2021

Министр Құрмет Талапқазыны марапаттады

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биылғы қуаңшылық жайлаған аймақтарда өз еркімен халыққа жем-шөп жеткізу жұмыстарын ұйымдастырған белсенді Құрмет Талапқазыны марапаттады, деп жазады Egemen.kz.

Министр Құрмет Талапқазыны марапаттады

«Министр Құрмет Талапқазының бастамасын қолдап қана қоймай, оны жүзеге асыруға көмектескен болатын. Шабылған шөпті Маңғыстауға жеткізу үшін әкімдіктермен, ҚТЖ сынды басқа да мекемелермен келіссөз жүргізіп, ведомство тарапынан қажет қолдауды көрсетті. Бүгін сәті түсіп, шаруалармен кездесу барысында Құрмет министрмен жүзбе-жүз кездесті», деп жазды Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз хатшысы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Еске сала кетейік, бұған дейін Құрмет жайлы Egemen Qazaqstan газетінде «Жұртты жұмылдырған жігіт» деген тақырыппен мақала жарық көрген.