Біз 8 наурыз қыздар мерекесі қарсаңында Алматы қаласы, Алатау ауданындағы №14 емханаға барғанымызда мерекелік көңіл-күйде қызмет етіп жатқан ұжым мүшелерінің жайдары жүздеріне куә болдық. Бұл емхана 45 мыңға таяу тұрғындарға қызмет етсе, оның 14 мыңы балалар екен. Аудан алғаш шаңырақ көтеріп, жаңа емхана жұмыс істей бастағаннан бергі кезең ішінде 7 мыңнан аса нәресте өмірге келіпті. Емхананың бас дәрігері Тоғжан Есбергенова бүкіл еңбек жолын денсаулық сақтау саласына арнап келе жатқан ақ халатты абзал жан болып шықты. Ол Алматы мемлекеттік медицина университетін 1985 жылы бітірген соң, ауылға барып ондаған жыл еңбек етіп, одан кейін қалаға ауысыпты. Қарапайым дәрігерден бас дәрігерге дейін жолдан өткен тәжірибелі жан екен. Жаңа емхана іске қосылған күннен бастап басшылық жасап келе жатқан Тоғжан Сағынышқызын әңгімеге тарқанымызда ол: «Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Стратегиясында «Ұлт денсаулығы – біздің табысты болашағымыздың кепілі» деген еді. Шынында, Тәуелсіз мемлекетіміздің әр азаматының денсаулығы дәрігерлердің қалтқысыз жұмысына байланысты деп білемін. Біздің емхана дәрігерлері тұрғындар ғимарат табалдырығынан аттағаннан бастап олардың бүкіл талап-тілектері мүлтіксіз орындалады. Әр келушімен сыпайы сөйлесіп, тіл табысу дәрігердің азаматтық борышы деп білемін», деді.
Тоғжан Есбергенованың айтқан уәжін біз «Алғыс кітапшаларына» көз жүгірткенде ақиқат екенін аңғардық. Тіпті оның өзі жетекші болып, қарттар мен көп балалы отбасылары тұратын үйлерді аралауды үрдіске айналдырғаны көңілге жылылық ұялатты. Мұндай кішілік пен кісілік әрбір ақ халатты абзал жаннан табылып жатса, нұр үстіне нұр болмақ. Емхананы аралағанда жұртшылыққа қызмет көрсететін заманауи құрал-жабдықтардың мінсіз жұмыс істеп жатқанына, оған келушілердің дән ризалығына тәнті болдық.
Сансызбай МОЛДАЖАН.
Алматы.

Әйелдер күресінен Бішкекте жалғыз жүлдені қанағат тұттық
Күрес • Бүгін, 17:20
Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Бүгін, 16:34
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Бүгін, 15:42
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Бүгін, 15:22
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Бүгін, 14:50
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Бүгін, 14:23
2025 жылғы Қазақстанның басты ғылыми жетістігі аталды
Ғылым • Бүгін, 13:55
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Бүгін, 13:23
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Бүгін, 12:25
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Бүгін, 12:10
Астанада өткен Nobel Fest x Teachers’ Summit форумында не айтылды?
Ғылым • Бүгін, 11:22
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Бүгін, 11:11
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Бүгін, 11:01
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Бүгін, 10:20