Жекпе-жек • 23 Желтоқсан, 2021

UFC басшысы Стерлинг-Ян жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

261 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

UFC президенті Дана Уайт ресейлік аралас жекпе-жек шебері Петр Ян мен америкалық Алджэмейн Стерлинг арасындағы қарымта жекпе-жекке қатысты маңызды мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Egemen.kz.

UFC басшысы Стерлинг-Ян жекпе-жегіне қатысты мәлімдеме жасады

«Петр Ян мен Алджэмейн Стерлинг октагонда екінші мәрте кездеседі. Өз басым бұл шайқасты асыға күтіп жүрмін. Осы аптада біз тиісті тұлғалармен кездесіп, жекпе-жек уақытын белгілейтін боламыз. Қысқасы, біздің ұйым жаңа жылда жанкүйерлерге керемет кездесулер ұсынуға дайын», деді ол.