Орал қаласының тұрғыны, екінші топтағы мүгедек әйел Тамара Истоминаның өмірге деген шексіз құштарлығы, өзін әрдайым жас сезінуі, жарық дүниенің қадір-қасиетін бағалай білуі өзгелердің де ерік-жігерін жани түседі. Олай дейтініміз, жиырма екі жасынан бері қант диабеті дертімен күресіп келе жатқан қайсар жан қара басының қамын күйттеп, үйінде күтініп отырмай, өзі сияқты науқастарға көмек қолын созу үшін 2001 жылы «Диабет» қоғамдық бірлестігін құрады.
Бұл қадам былайша басталған еді. Тамара Алексеевна бір күні әдеттегідей емханаға ем алуға барған сәтінде Ардақ Қобдабаева және Галина Коробкова деген замандастарымен кездесіп қалады. Танысып, сөйлесе келе олар қоғамдық бірлестік құруға, сөйтіп, өздері сияқты жандарды есепке алып, өмірлерін жақсартуға бел буады. Бүгінде бірлестік есебінде облыс бойынша алты мың адам бар. Соның 554-і 15 жасқа дейінгі балалар. 281-і жасөспірімдер. Жанашыр жандар «Зенит» мәдениет үйінде бір үлкен кабинетті жалға алып отыр. 14 қараша – бүкіләлемдік диабетпен күрес күні, сондай-ақ, басқа да мемлекеттік мейрам күндері бірлестік жетекшісі бастаған топ балалар мен ата-аналарды жинап, әртүрлі шаралар өткізеді. Демеушілер арқылы мұқтаж отбасыларға көмек береді.
Оралда туып, балалық, жастық шағы осында өткен Тамара Истомина 1976 жылы А.С.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын бітірген соң, Краснояр өлкесінің Уяр қаласындағы бір мектепке химия-биология пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасады. Араға жыл салып туған жеріне оралған жас қыз алғашқыда балабақша тәрбиешісі, мектепте мұғалім, кейін балалар шығармашылығы орталығында қызмет жасайды.
Өзінің педагогикалық-тәрбиешілік қызметі барысында ұдайы балалар мен жасөспірімдердің ортасында болып, олардың жан-дүниесімен етене таныс болған ол «Диабет» қоғамдық ұйымынан басқа «Ботақан» мүгедек балалар тобына да жетекшілік жасайды. 2010 жылы арнайы әлеуметтік қызмет бойынша мемлекеттік тапсырыспен ашылып, жыл сайын 5 миллион теңге грантқа ие болып отырған «Ботақанда» психологиялық-неврологиялық дертке шалдыққан 3-12 жас аралығындағы жиырма бала тәрбиеленуде.
– Балаларды сауықтыруда педагог, психолог, дефектолог, логопед, музыкант және екі тәрбиеші мен екі сылаушы (массажист) еңбек етуде. Балалар орталықта күн сайын сағат 10-13 арасында болады. Ем-домын беріп, салт атқа отырғызып серуендеткен соң, ыстық тамақтарын ішкізіп, содан соң балаларды көлікпен үйлеріне апарып тастаймыз. Балалардың кейбірі кейін «Шапағат» медициналық-әлеуметтік мекемесіне ауысады, – дейді Тамара Алексеевна.
Облыстағы қант диабетімен ауыратын отыз балаға біреуінің құны 600 мың теңге тұратын «Помпо-терапия» аппараты қойылған. Бұл құрал арнайы сызба бойынша қандағы инсулиннің бөлінуін бақылайды екен. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан осындай көмектер балалардың өмірін сақтауға, олардың қоғамдық өмірге белсене араласуына ықпал етіп отыр. Бұған біздің бүгінгі кейіпкеріміздің де қосқан үлесі қомақты.
Қоғамдық өмірдің қақ ортасында жүрген жанашыр жанды, адам баласының бойында өте сирек кездесетін альтруистік қасиеттің иесін облыс орталығында өткізіліп жүрген әртүрлі жиындардан жиі көреміз. Сырт қарағанда, оны ешкім де екінші топтағы мүгедек деп ойламайды. Қандағы қант мөлшерін қалыпты жағдайда ұстап тұру оңай болмаса керек. Алайда, әрдайым ширақ, қашан да жас, қай кезде де сергек, көңілді жүретін осынау орыс әйелі осылайша басқаларға үлгі болуда.
Кей науқастар, әсіресе, жас қыздар аяқ асты ауырып қалса, күн-түн демей Тамараға хабарласып көмек сұрап жатады. Өзі ауырып отырса да, оларға дем беріп, өмірге деген құштарлығын арттыруда Т.Истомина елгезектік танытудан шаршаған емес. Бар өмірі күрес пен шапағатқа толы жан 1980 жылы бас қосқан өмірлік серігі Михаил және қызы Галинамен бірге бақытты ғұмыр кешіп келеді.
Ұлдай ҚАБОШҚЫЗЫ,
журналист.
Орал.

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42