Әкеміз де, анамыз да келісті адамдар еді. Әкеміз сұрапыл соғысты бастан өткерген майдангер болатын. Анамыз жұмыс талғамады. Қойды да, ешкіні де қырқып, түйені де күзейтін. Малдың терісін өңдеді. Жүнді түрлі бояумен бояп, алаша тоқуға жіп иіретін, ұлттық ою-өрнектер салынған текемет басатын. Соғыс жылдарында сауыншы болып жұмыс істеген.
Әлі есімде, біздің бақшалық жеріміз бар болатын. Анамыз көктем шығысымен сол жерді үнемі баптап, қауын мен қарбызды молынан егетін. Жаз бойы дастарқанымыздан қауын мен қарбыз, өзге де бақша дақылдары мен көкөніс түрлері, қаймақ пен май, ірімшік пен сүзбе, айран секілді табиғи құнарлы тағамдар бір үзілмейтін.
1986 жылы ата-анамыз Алматы қаласына көшті. Зина жеңгемізбен бірге институттан соң Алматыда тұрақтап қалған. Ағамыздың отбасында Мырзада мен Мадина есімді екі кішкентай өсіп жатқан. Ата-анамыз ұлына бір табан жақындағанды жөн көріп, еңбек демалысына келген апа-жездеміз Дария мен Ғабдрашидпен бірге Алматыға жол тартты. Ол кезде Алматыда пәтер алу қиын еді. Қалаға тіркелу де оңай соқпайтын.
Әкеміз Ұлы Отан соғысының мүгедегі, анамыз 11 құрсақ көтеріп, 9 баланы тәрбиелеп, өсірген «Ардақты Ана» еді. Анамыз сол кездегі Министрлер Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевқа хат жазып, көмек сұрапты. Нұрсұлтан Әбішұлы анамызды арнайы қабылдап, «Еш уайымдамаңыз, бәрі де дұрыс болады» депті. Арада біраз уақыт өткенде ата-анамызға жаңа пәтердің ордерін әкеліп беріпті.
Анам: «Үлкенді сыйлайтын, алдына барған адамды тыңдай білетін парасатты жан екен», дегенді ұдайы айтып отыратын. Баспана алуына көмектескені үшін алғысын білдіруге қабылдауына барғанда анамыз болашақ Президентке: «Еліңнің болашағы үшін атқарар қызметің жемісті болсын, айналайын!» деп ақ батасын беріпті. Кейін 1998 жылы Президент сайлауы кезінде Нұрсұлтан Әбішұлының кандидатурасын қолдап, жеңіске жетуін тілеп отырды. Президент сайлауынан соң арнайы құттықтау жеделхатын жіберді. Анамыз секілді ақпейілді жандардың тілегі қабыл болған шығар, Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіз елімізді әлемге танытып келеді.
Сол пәтерінде «Зингер» мәшинесімен көздің жауын алардай әсем бұйымдар тігуін жалғастырды. Әр күн сайын көйлек, ұлттық нақыштармен көмкерілген қамзол, өзге де заттар тігетін еді. Оның ұзын саны 365-ті құрады. Бұл күндері әкеміз де, анамыз да өмірден өтті. Егер тірі болса, биыл әкеміз 104 жасқа, анамыз 100 жасқа толар еді. Алайда, олар бұл жасқа жете алған жоқ. Әкеміз бен анамыздың аялы алақанының жылуын әлі де сағынамыз. Біз үшін қиындыққа төзіп, бар мейірімін төгіп, «Айналайын, аман жүр» деген бір ауыз жылы сөзі жүрек түкпірінде жатталып қалды. Бүгінде әке-шешеміздің ұл-қыздарынан 24 немере, 48 шөбере өрбіді. Міне, сол ұрпағы өмірді жалғастырып жатыр.
Бейбіт КӨЗБОЛ-САБЫРОВА.
Атырау облысы.

«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04
Оқушыларды жалған тіркеу: 2 966 мектепте заңбұзушылық анықталды
Білім • Бүгін, 15:58
Михаил Шайдоров: Мен Олимпиада алтынымен шектелмеймін
Спорт • Бүгін, 15:45
Вице-премьер Қарағанды облысындағы бөгеттер мен су қоймаларын тексерді
Үкімет • Бүгін, 15:42