Жұмыс беруші қызметкер үшін оның жалақы деңгейінің 3%-ын төлейді, бірақ 18 000 теңгеден аспайды.
Қызметкерлер, оның ішінде азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатындар өз табысының 2%-ын, бірақ 12 000 теңгеден аспайтын мөлшерде, төлейтін болады.
Жеке кәсіпкерлер және жеке практикамен айналысатын адамдар - ЕТЖ-ның 1,4 еселенген мөлшерінің 5%-ын немесе 4 200 теңге төлейді.
БЖТ:
қала тұрғындары үшін - 1 АЕК немесе 3 063 теңге;
ауыл тұрғындары үшін - 0,5 АЕК немесе 1 531,5 теңге.
Дербес төлеушілер ЕТЖ-ның 5%-ын немесе 3 000 теңге төлейтін болады.
Мемлекет азаматтардың 15 жеңілдігі бар санаты үшін төлем жасайтын болады, бүгінде бұл санаттағылар11 млн-нан асады. Бір адам үшін жарна мөлшері 3 614,2 теңгені құрайды.
МӘМС үшін төлемді қайдан жасауға болады?
Жарнаны:
- екінші деңгейлі банктер және олардың интернет-сервистері арқылы;
- Kaspi.kz мобильді қосымшасы арқылы;
- «Казпочта» АҚ бөлімшелері арқылы;
- төлем қабылдау терминалдары (Qiwi, Kassa24 және т.б.) арқылы;
- медицина ұйымдарындағы төлем қабылдау терминалдары арқылы
төлеуге болады.
Медициналық сақтандыру жүйесіндегі өз мәртебеңізді:
- Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz ресми сайты арқылы (оң жақтағы төменгі бұрыштағы қалқымалы жасыл шеңберді басып, ЖСН енгізіңіз)
- kz электронды үкімет порталы арқылы (жеке кабинетте және «Денсаулық сақтау» бөлімінде)
- Telegram-дағы Saqtandyru-bot арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
- Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (басты мәзірде «Сақтандыру мәртебесін анықтау»)
өзіңізге ыңғайлы тәсілде тексеріп отыруды ұмытпаңыз!