Суреттерді түсірген Ерлан ОМАР
Бүгін Egemen Qazaqstan редакциясының ұжымы мерейтой иесін ортаға алып, арнайы құттықтады. Жиынға газеттің ардагер тілшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Басқосуда зейнет жасына келген ардагер тілшілер Қарашаш Тоқсанбай мен Фарида Бықайға құрмет көрсетілді.
Экономика бөлімінің меңгерушісі Қымбат Тоқтамұратқа «Ақпарат саласының үздігі» төсбелгісі табысталды.
«Egemen Qazaqstan» республикалық газеті» АҚ Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі Жанболт Аупбаевты ұжым атынан құттықтап, шапан жапты. Сондай-ақ ардагер тілшілерге газеттің дамуына қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Бірге еңбек еткен өзге де әріптестері өткен күннің ғибратты сәттерін еске алып, тілшілердің шығармашылық жолына тоқталды.