Оқиға • 23 Желтоқсан, 2021

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ірі есірткі тасымалының жолы кесілді

265 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан және Алматыда Қаржылық мониторинг агенттігі Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, арнайы операция жүргізді. Операция нәтижесінде есірткі заттарын Қазақстан аумағына өткізумен айналысқандардың жолы кесілді, деп хабарлайды Egemen.kz Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан мен Алматыда ірі есірткі тасымалының жолы кесілді

Агенттік мәліметінше, есірткі заттары халықаралық арналар арқылы жақын шет елдерден халық тұтынатын әртүрлі тауарлар түрінде жеткізілді.

«Шағын мөлшерде өлшеп оралған есірткі заттары Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының саябақтары, мектептері, аурухана, мектепке дейінгі мекемелер аумағында таратылған», делінген хабарламада.

Сату аноним Telegram-арналар арқылы жүргізілді, төлем Qiwi-кошелек электрон төлемдер арқылы қабылданды. Негізгі сатып алушылар Қазақстанның кәмелетке толмаған азаматтары болды.

«Есірткі сатушылар үй жануарларына арналған азық түрінде оралған кезекті халықаралық тауарды алу кезінде ұсталды. Ұсталғандардың тұратын жерлерін тінту кезінде синтетикалық есірткі заты - мефедрон, марихуана, буып-түю материалдары, таразы табылды. Тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 7 килограмнан астам марихуана мен мефедронды құрады», деп хабаралады баспасөз қызметі өкілдері.

ҚР ҚК-ның 286-бабы 2-бөлігі және 297-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Есірткі сақтағаны және сатқаны үшін бес қылмыскер ұсталды.

Ұсталғандар тергеу изоляторына 2 ай мерзімге қамауға алынды, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.