08 Наурыз, 2014

8 наурызға – 80 пәтер

228 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Сәрсенбі оңтүстік астананың талай тұрғыны үшін сәтімен басталған тамаша күн болды. Осы күнге дейін кезекте тұрған 100 тұрғын жаңа пәтер кілттерін алып, қоныс тойына да жетті. Қалалықтардың қуанышына Алматы қаласының әкімі Ахметжан Есімов ортақтасып, Халықаралық әйелдер күні қарсаңында үй кезегінде тұрған жандарға тиісті құжаттар мен пәтер кілттерін өзі тапсырды. Осылайша, самаладай өз ошақ­тарының табалдырығын аттаған жаңа қоныс иелерінің 80-і әйелдер болды. Олардың ішінде көпбалалы аналар, мүгедектер, жетім балалар, әлеуметтік сала қызметкерлері, мәдениет, білім, денсаулық сала­сының қызметкерлері бар. Тұрғындары күн сайын кө­бей­е­тін мегаполис қаланың әкі­мі Ахметжан Есімов мұнан бы­лай­ғы уақытта да мемлекет тарапынан алматылықтарды тұрғын үймен қамтамасыз етуге көңіл бөлетіндігін жеткізді. Егер өткен жылы 420 отбасы коммуналдық үй алса, биыл олардың саны 650-ді құрайды екен. Қалалық ипотекалық бағдарлама бойынша 440 отбасы пәтер алса, биыл олардың саны 550-ге артпақ. Қолжетімді баспана бойынша биыл 378 отбасы пәтер алады, өт­кен жылы алғандары – 216 отбасы. Кездесу соңында қала әкімі әйелдерді алдағы 8 наурыз ме­ре­ке­сі­мен құттықтады, әр отбасыға баянды бақыт тіледі. «Егемен-ақпарат». АЛМАТЫ.