Коронавирус • 23 Желтоқсан, 2021

Pfizer салдырған әйелден туған баладан туабіткен ауру анықталған жоқ

416 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Дүниеге келген нәрестелерден ешқандай туабіткен ауру анықталған жоқ. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының басшысы Нариман Табынбаев айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Pfizer салдырған әйелден туған баладан туабіткен ауру анықталған жоқ

Оның айтуынша, жүкті әйелдердің коронавирусқа қарсы вакцина алуы – үлкен жауапкершілік.

«Pfizer вакцинасының қауіпсіздігі дәлелденгеннен кейін Қазақстанда да жүкті әйелдерге аталмыш екпе салына бастады. Pfizer вакцинасын салдырған әйелден туған баладан ешқандай туабіткен ауру анықталмады. Әйелден қан арқылы баласына қандай да бір мөлшерде антидене берілетіні белгілі болды. Вакцина ананы ғана емес, жаңа туған сәбиді де қорғайтыны дәлелденді», дейді Нариман Табынбаев.

Сонымен қатар, ол балада анасы арқылы қалыптасқан антидененің қанша уақытқа дейін күшінде болатыны белгісіз екенін жеткізді.

«Алматыда Pfizer вакцинасын салдырған 11 әйел босанды. Баладағы антидене мөлшерін білу үшін ата-анасының рұқсаты керек», деді ол.