Қалалық әкімдік Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, Ақмешітте 100-ге жеткен, одан да асқан алтын құрсақты аналарға құрмет көрсетті. Оларды жас ұрпаққа үлгі-өнеге ету тұрғысында суреттерін үлкен етіп іліп, оған арнайы айдар да берді. «Ғасыр-ғұмыр иесі – асыл ана» деген атпен тұрған суреттер әркімнің-ақ назарын өзіне қаратқаны анық.
Қала әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов биыл жүзге толып жатқан Хадиша Қарғаеваның отбасында болып, мерекемен құттықтады. Бүгінде Хадиша әжейдің 6 баласы, 24 немересі, 10 шөбересі бар. Әжей ұрпағының көрсетіп жатқан құрметіне алғысын білдіріп, «Мен секілді жүз жасаңдар!» деп батасын берді.
Әрбір адамның өлшеніп берген өмірі бар. Ал екінің бірі жүзге жете бермейді. Сондықтан ғасыр жасап, бала-шағасының қызығын көріп отырған аналарымыздың саны арта берсін деп тілейікші...
Ержан БАЙТІЛЕС,
«Егемен Қазақстан».

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше