Әрине, баяғының алтын құрсақты батыр аналары туралы әңгіме бөлек. Ол жылдары ауылдарда үй сайын алдыңнан алтын алқа таққан аналар шығатын. Әрине, қазір де Алла тағалам ауылдағы аналардың құрсағына берекесін дарытып-ақ тұр. Бірақ, қазір заман басқа, жағдай басқа, алтын алқаға деген талап басқа. Елбасы
Н.Назарбаев халыққа арнаған Жолдауында Мәңгілік Ел болу ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін айта келіп: «Ол арман – тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді» деп түйіндейді. Шынында, ұлысымыздың ұйытқысы саналатын Оңтүстікте демографиялық дүмпудің күн сайын күшейіп келе жатқаны ел тұрмысының түзеліп, жағдайы жақсара бастағанының бір белгісі екені анық.
Біз әңгіме еткелі отырған Балтакөл ауылы – ұлылардың отаны Отырар ауданына қарағанымен, оған киелі Түркістан қаласы арқылы барсаңыз, тез жетесіз. Өткен жылы бұл округ аудан көлемінде бақша өнімдерін өндіру жағынан бірінші орын алды. Сөйтіп, ауыл әкімі Әбдірасейіт Әкімбектен бастап, шаруа қожалығының төрағалары, бірқатар механизаторлар аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталып, заттай сыйлықтарға ие болды.
Балтакөлде батыр ана көп. Бүгінде бұл ауылдық округте 408 отбасы түтін түтетіп отырса, «Алтын алқа» таққан – 66, «Күміс алқа» таққан 130 ана бар екен. Сонда әрбір екінші үйде көпбалалы ана тұрады деген сөз. Тағы бір қуанарлығы, кеудесіне алқа таққан аналардың көбісі жас келіншектер. Мысалы, осы округке қарасты Көлқұдық ауылының тұрғыны Ботагөз Бекенова мектепте еңбек етіп келе жатқанына 13 жылдың жүзі болыпты. «Екі ұл, төрт қызым бар. Үлкенім Алматы қаласында колледжде оқиды, ең кішкентайым 2 жаста. Күйеуім жүргізуші болып жұмыс істейді. Мемлекет көпбалалы аналарға жыл сайын жақсы жағдай жасап келеді ғой. Әр баланың өз несібесі бар. Сондықтан көпбалалы отбасы болудан қорқудың қажеті жоқ», дейді ол. Сондай-ақ, көлқұдықтық Гүлзада Ақжол, Гүлзия Сүттібай әрқайсысы – 6, Ғайнижамал Жүнісова – 5, Гүлмира Өмірзақова – 4, Мөлдір Дүйсенова 5 перзент тәрбиелеп отыр. «Үш ұл және егіз қыздарым бар. Үлкенім бірінші сыныпта оқиды. Өткен жылы «Қазақстан» ұлттық арнасында «Ең жас батыр ана» деген байқау ұйымдастырылды. Соған қатысуға ниет білдірген едік. Журналистер: «Сіздерге өзіміз барамыз», деді. Бірақ, неге екенін қайдам, хабарласпады. Өзім ауылдағы мектепте жұмыс істеп келе жатқаныма 10 жыл болды. Бастауыш сыныптың мұғалімімін», дейді Ғайнижамал Жүнісова.
Гүлнар ПАРМАНОВА.
Оңтүстік Қазақстан облысы,
Отырар ауданы.

Сарапшылар конституцияның жаңа жобасына бірауыздан қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 19:18
Астанада демалыс күндері ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Елорда • Бүгін, 18:45
Алдағы күндері ел аумағында аяз күшейеді
Ауа райы • Бүгін, 18:33
«Boran–Буран»: жады мен кеңістікті тоғыстырған көрме
Қоғам • Бүгін, 18:18
Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?
Қаржы • Бүгін, 18:03
Жеке деректер мен гаджеттерді алаяқтардан қалай қорғауға болады?
Қоғам • Бүгін, 17:50
Еріксіз неке мен ерте өлім: Неліктен қазақ қыздарының құқығы қорғалмай жатыр?
Қоғам • Бүгін, 17:40
Педагогтерге арналған байқау жарияланды: Өтінім қабылдау қашан басталады?
Білім • Бүгін, 17:25
Енді мерзімі өткен жүргізуші куәлігін онлайн ауыстыруға болады
Қоғам • Бүгін, 17:12
Алматыда даңқты киногерлерге арналған көрме ашылды
Қоғам • Бүгін, 17:08
Алматыда 13 жастағы қызды зорлады деген күдікті қамауға алынды
Қоғам • Бүгін, 16:53
Жасанды интеллект мұғалімді алмастыра ма?
Білім • Бүгін, 16:35
Қазақстанның Руанда Республикасындағы елшісі тағайындалды
Тағайындау • Бүгін, 16:17
Президент: Барша Олимпиада чемпиондарының аты әлем спортының жылнамасына жазылады
Спорт • Бүгін, 16:04