Әлем • 24 Желтоқсан, 2021

Тәліптер дәрігерге жалғыз барған әйелдерді емханаға кіргізбеуді бұйырды

187 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның Газни провинциясындағы «Талибан» билігі әйелдерге ер адам еріп жүрмесе дәрігерге баруына тыйым салды. Бұл жөнінде елдің Денсаулық сақтау министрлігі хабарлаған, деп жазады Egemen.kz.

Etilaatroz басылымы мәліметіне қарағанда, осыған дейін әйелдер туыстарымен еріп ауруханаға баратын. Енді тәліптер ерлерсіз жүретін әйелдерді «заңсыз әрі әдепсіз» деп санап, дәрігерлерге жалғыз келген әйелдерді емханаға кіргізбеуді талап еткен.

Басылым дереккөзінше, бұл тыйым Ауғанстанның өзге де аймақтарына салынып жатыр. Мәселен, өлкедегі исламның әдеп министрлігі әйелдерге денесін және бетін ашып жүруіне тыйым салған.

Ауғанстан әйелдері енді толықтай қара түсті никаб киіп жүреді.

«Талибан» қозғалысы биыл тамыз айында Ауғанстан билігін басып алған.