Кеше Ақордада Президент Нұрсұлтан Назарбаев Отан қорғаушылар күніне орай бірқатар соғыс ардагерлерін және әлеует құрылымдарының қызметкерлерін Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен марапаттады. Әскери погондарды табыс ету рәсімі резиденцияның “Алтын залында”, мемлекеттік наградаларды табыс ету рәсімі “Мәрмәр залында” өтті.
“Мен қазір жоғары әскери атақ пен шендерді тапсырғалы тұрмын. Қазақстан Қарулы Күштерінің басшылық құрамындағы бірнеше сардар бүгін генерал атағына ие болып отырғанын айрықша айтқым келеді. Қарулы Күштеріміз – бүгінде татулықты ту еткен халқымыздың берік қорғаны, тәуелсіздігіміз бен тұтастығымыздың сенімді тірегі. Айбынды әскеріміз, қырағы қорғаушыларымыз бар кезде халқымыз бейбітшілік баянды болады деп сенеді”, деді Елбасы әскери және арнайы шенге ие болғандарды құттықтау кезінде.
Ал “Мәрмәр залға” қаз қатар қойылған орындықтарға жүздері бал-бұл жанған ардагерлер жайғасыпты. Олардың артында сымға тартылғандай жас офицерлер тізбегі тұр.
Есік ашылып, Мемлекет басшысы микрофон қойылған мінберге жақындады да: “Менің Жарлығыммен осыдан 18 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылған болатын. Біз тәуелсіздігіміздің таңы жаңадан атып келе жатқан кезде ұлттық армиямызды жасақтадық. Содан бері осы күнге дейін екі мейрам дәстүрге айналды. Мен бүгін мереке күніне орай елімізге еңбегі сіңген адамдарды мемлекеттік наградалармен марапаттауды жөн көрдім. Жоғары марапат иелерін шын жүректен құттықтаймын. Жеңіс мерекесі құтты болсын!” деді.
Келесі кезекте Елбасы ардагерлерге қаратып былай деді: “Бүгінгі күнге дейін аман-есен жетіп, Алланың шапағатына, мемлекеттің құрметіне бөленіп отырсыздар. Соның өзі үлкен бақыт. Сіздер сұрапыл соғысты көрдіңіздер, қазақтың тәуелсіздігінің куәсі болдыңыздар. Сол қызықтарыңыз молынан болсын. Әрине, мен ардагерлердің барлығына дерлік мемлекеттік наградаларды тапсыра алмаймын. Сондықтан да барлық әкімдерге өңірлердегі ардагерлерге мемлекеттік наградаларды тапсыру жөнінде тапсырма берілді. Бүгінгі күні Қазақстанның қай жерінде де ардагерлерге зор құрмет пен қамқорлық жасалып жатыр. Сол қамқорлықтардың барлығы сіздердің соғыс кезінде көрсеткен ерліктеріңізге ұл-қыздарыңыздың құрметі мен сый-сыяпаты. Енді ұрпақтарымыз біздің буынды да сіздерді қадірлегендей қастерлесе екен дейміз. Менің ойымша, ұрпақтар сабақтастығы, яғни баланың атаға деген құрметі осылай болуы тиіс”.
Нұрсұлтан Әбішұлы өзінің үздік генералдар мен офицерлерді бейбіт уақыттағы еңбектері, жоғары біліктіліктері, Отан алдындағы қызметтері үшін мемлекеттік наградалармен марапаттағанын мәлімдеді. Бұл ретте 19 офицерге генерал атақтары берілген болатын. Елбасы осындай марапатқа әскерилердің еңбектері сіңгенін атап көрсетіп, олардың ардагерлеріміздің ерен еңбектерін жалғастырып, солардан оқып-үйренуде екенін айтты.
— Біз сіздерді Ұлы Отан соғысының 70, 75 жылдықтарында да көргіміз келеді, — деді Елбасы ардагерлерге. Сұрапыл соғыста 500-ден астам азаматымыз Кеңес Одағының Батыры атанды. Жауды жұмылып, бірлігімізбен жеңдік. Қанқұйлы соғыс жылдарында қазіргі Қазақстан халқының мызғымас бірлігі қалыптасты. Аласапыран заманда тағдыр тоғыстырған ұлт өкілдерін қазақ жері бір отбасының баласындай бауырына басты. Біз ел басына түскен зұлмат жылдардың зілдей салмағын жан жүрегімізбен сезініп, бөлістік. Сондықтан біз адамзат баласына орны толмас қайғы-қасірет әкелген сұм соғыстың жер бетінде енді қайталанбауын тілейміз.
Сөзінің соңында Елбасы Ресей басшылығының шақыруымен Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысатынын айта келе: “Парадқа көптеген елдердің мемлекет басшылары қатысады. Сондықтан да мамырдың 9-ы күні сіздермен бірге бола алмаймын. Оған ғафу өтінемін”, деді.
Мемлекет басшысының айтуынша, 356 адам наградаға лайықты деп танылған.
Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ.

Әлемдегі ең бай адам: Илон Масктың дәулеті 800 млрд доллардан асты
Әлем • Бүгін, 12:51
Нурай Серікбайдың ісі «Аса қатыгездікпен кісі өлтіру» бабына ауыстырылды
Қоғам • Бүгін, 12:47
Ірі салық берешегі бар тұлғаларға елден шығуға тыйым салынады
Қоғам • Бүгін, 12:27
Қысқы Олимпиада ойындары: Ұландық спортшылар ел намысын қорғайды
Қысқы спорт • Бүгін, 12:12
Әлемдік мұнай өндіру өсіміне ықпал ететін елдер қатарында Қазақстан бар ма?
Экономика • Бүгін, 12:02
Дохада Қазақстанның Мәдениет күндері басталды
Қазақстан • Бүгін, 11:50
Павлодарда қанша адам онкологиялық ауруларға шалдыққан?
Аймақтар • Бүгін, 11:27
2025 жылы Қазақстан әлем елдеріне қанша тонна мұнай сатты?
Экономика • Бүгін, 11:18
Астанада заңсыз лотерея ұйымдастырған блогерлер үйқамаққа алынды
Қоғам • Бүгін, 10:54
Қосылған құн салығы дәрі-дәрмек бағасына әсер етпейді
Медицина • Бүгін, 10:49
Ұлттық банк банкаралық мобильді төлемдер жүйесін әзірледі
Қоғам • Бүгін, 10:47
Велоспорттан Азия чемпионаты басталды
Спорт • Бүгін, 10:36
Қазақстанда қай жолдар жабық тұр?
Ауа райы • Бүгін, 10:25
Теңге • Бүгін, 10:18
2027 жылға қарай электр энергиясына деген ішкі қажеттілік толығымен жабылады
Үкімет • Бүгін, 10:00