Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов пен АҚШ-тың Қазақстандағы Уақытша сенімді өкілі Джон Ордвейдің кездесуі болып өтті, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында саяси және экономикалық салалардағы, ядролық қарусыздану мен таратпаудағы екіжақты ынтымақтастықтың түрлі аспектілерінің кең ауқымды мәселелері, сондай-ақ, халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыға салынды. Қазақстан Президенті Н.Назарбаевтың осы наурыз айының аяқ жағында Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі саммитке қатысуы, Стратегиялық әріптестік жөніндегі Қазақстан-Америка комиссиясы мен Ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі комиссия жұмыстары, 2014 жылдың соңына дейінгі өзара ықпалдастық мәселелері келіссөздің тақырыптарына айналды.
Украинадағы жағдай өз алдына бөлек әңгіме етілді. Тараптар бұл мәселе бойынша мазмұнды пікір алмасты.