Қаржы • 24 Желтоқсан, 2021

Доллар арзандады

655 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

KASE Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттық қорытындылары бойынша, теңгенің 1 долларға қатысты бағамы біршама төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Доллар арзандады

Таңғы сауда-саттық қортыныдылары бойынша, доллар бағамы 23 желтоқсан кешімен салыстырғанда 0,98 теңгеге төмендеп, 1 доллар 432,85 теңгені құрады.

24 желтоқсандағы Ұлттық банктің ресми бағамы – 1 доллар үшін 433,88 теңге.

Ал Kurs.kz ұсынған мәліметке қарағанда, Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллардың сату бағамы 435,26 теңге, сатып алу - 437, 18 теңге. Елорда бойынша сату бағамы 435,51 теңгеден болса, ал сатып алу құны –437,13 теңгені құрайды.