08 Наурыз, 2014

Халықаралық құжаттар қаралатын болды

293 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Палата Төрағасы Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен Мәжіліс бюросында жалпы отырыста қаралатын мәсе­лелер белгіленді, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Палата талқылауына бірінші оқылымға кейбір заңнамалық актілерге меншік құқығын қор­ғау­ды күшейту, шарттық мін­дет­темелерді қорғауды кепілдендіру және оларды бұзғаны үшін жауап­кершілікті қатаңдату мәселелері шығарылады. Жалпы отырыстың күн тәртібінің жобасына рати­фи­ка­циялауға қатысты: 1994 жылғы 28 наурыздағы Қазақстан мен Ре­сей Үкiметтерi арасындағы Келі­сімге авариялық-құтқару қыз­мет­тері мемлекеттік шекараны кесіп өтуінің оңайлатылған тәртібі туралы Хаттама және Қазақстан-Қырғызстан төтенше жағдайлар мен табиғат апаттарының тәуекелін төмендету бойынша Орталық құру туралы келісім бар. Палатаға екі заң жобасы бой­ынша қорытынды әзірлеу ұсы­ныл­ды. Олар – Еуразиялық эконо­мик­алық қоғамдастыққа мүше мем­лекеттердің экспорттық бақы­лауы­ның бірыңғай тәртібі туралы ке­лісімнің күшін жою туралы және 1928 жылғы 22 қарашадағы Халық­аралық көрмелер туралы конвенцияны, оған 1948 жылғы 10 мамырдағы, 1966 жылғы 16 қарашадағы, 1972 жылғы 30 қарашадағы хаттамаларды және 1982 жылғы 24 маусым мен 1988 жылғы 31 мамырдағы түзетулерді ратификациялау туралы заң жобалары.
Соңғы жаңалықтар