Заман дидарындағы өзгерістер өмірге жаңа леп, ұтқыр ұмтылыстар ала келетіні бар. Анау бір жылдардағы қиындықтардан кейін Степногор ЖЭО-ға жаңа инвестор келген. Арада үш жыл өткенде бүкіл аймақты буға бөлеп тұратын үйреншікті көрініс ақырындап сейіле бастады. Сөйтсек, ілкімді азаматтар бей-берекет будаланып жататын будың өзін іске жарататын амал тапқан екен. Қаланың өндірістік аймағында осылайша «Құнарлы» гүл өсіру жылыжай орталығы пайда болды. Бұл – 2006 жыл еді.
Кешен басшысы Тамара Ілиясова өндіріс үш кезеңдік даму бағытын ұстанатынын айтады. Қазір 3 гектарды алып жатқан жылыжай Голландияның «Agrotech-Didam» компаниясының озық технологиясына негізделген жабдықтарды пайдаланады. Мұнда жыл сайын жоғары сұрыпты 6 миллион дана раушан (роза) өсіріліп, жұртшылықтың көңіл қуанышына айналуда. Енді екінші кезеңде жылыжай аумағы 6 гектарға ұлғайтылып, болашақта 12 гектарға жеткізілмек.
Жыл бойы үздіксіз жұмыс істейтін кәсіпорын өнімдеріне сұраныс жоғары. Қазір Степногор гүлдерін еліміздің барлық ірі қалалары мен Ресейдің шектес облыстары пайдаланады.
Аналар күніне арналған шоқ-шоқ гүлдерді жылыжай қызметкерлері сұранысқа қарай жіберіп жатыр. Бұл олардың мерекеге тартуы деп білеміз.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
Ақмола облысы.
Суретте: «Құнарлы» кешенінің көңіл жадыратар раушандары.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше