Аймақтар • 24 Желтоқсан, 2021

Алматыда тегін құқықтық кеңес беретін орталық ашылды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Екі заңгер-практик және бір кеңесші-көмекші мегаполис тұрғындарына тегін кеңес береді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің брифингінде Алматы қаласының «Еріктілер лигасы» қоғамдық қорының директоры Ақнұр Оспанова мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда тегін құқықтық кеңес беретін орталық ашылды

Алматыда «Заң консультациялары» жобасы іске қосылды, соның арқасында кез келген адам мамандардың заң көмегін тегін ала алады. Үш айдың ішінде заң көмегі офлайн форматта 553 тұрғынға көрсетілді, 1102 онлайн-консультация өткізілді.

«Бұл жобаның негізгі мақсаты - қиын өмірлік жағдайға тап болған азаматтардың құқығын қорғау және халықтың құқықтық білім деңгейін арттыру. Біздің заңгерлер қабылдауды тегін жүргізеді. Жоба танымал болған жағдайда мамандар штаты кеңейтіледі», деді қоғамдық қор төрағасы.

Көпжылдық тәжірибесі бар заңгерлер азаматтар жүгінген кезде ауызша және жазбаша кеңестер беріп қана қоймай, іс материалдарын зерделеуге көмектеседі, сотта өтініш білдіргендердің мүддесін қорғайды, талап арыз жазуға жәрдемдеседі. Алматылықтар Торайғыров көшесі, № 29 мекенжайына хабарласа алады.