Кәсіпқой бокс • 24 Желтоқсан, 2021

Айдос «Канелоның» белдігіне таласуы мүмкін

534 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

LDUBB Boxing ютуб арнасының авторы Буг Уильямс WBA ұйымынан Айдос Ербосынұлы мен Давид Моррел арасында жекпе-жек ұйымдастыруды сұрады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Айдос «Канелоның» белдігіне таласуы мүмкін

«Айдос та, Давид Моррель де Леннокс Алленмен қолғап түйістіріп, жеңіске жетті. Сондықтан екеуінің арасында жекпе-жек өткізіп, кім мықтыны анықтаған жөн», деді ол.

Сондай-ақ ол әлемнің абсолютті чемпионы Сауль «Канело» Альварес өзіне тиесілі WBA (Super) белбеуін қорғаудан бас тартқан жағдайда жоғарыда аттары аталған боксшылар әлем чемпионы атағын сарапқа салуы тиіс екенін де атап өтті.