Елорда • 24 Желтоқсан, 2021

Елордалық 200 балаға Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада Қазақстан Президентінің атынан жаңа жылдық сыйлықтарды дербес жеткізу бойынша экспресс-эстафета басталды. Сыйлықтарды әлеуметтік осал отбасылардан шыққан 200 бала алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Елордалық 200 балаға Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар табысталды

Нұр-Сұлтанда жедел эстафета басталды, онда ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға, сондай-ақ дарынды, оқуда, спортта, шығармашылықта және қоғамдық өмірде жетістікке жеткен балаларға Президент атынан жаңа жылдық сыйлықтар берілді.

Эстафетаның салтанатты ашылуы ертегі кейіпкерлері мен жаңа жыл символы – Барыстың шеруімен басталып, «Нұршашу» ансамблінің, «Аманат» балалар театрының вокалдық студиясының концерттік бағдарламасымен, сондай-ақ өнерпаздар лазерлік шоудың сүйемелдеуімен жаңа жылдық би биледі.

Балаларға сыйлық ретінде киім сатып алуға 100 мың теңгеге сертификат, тәттілер, үстел ойыны, кітап, құттықтау ашықхаты берілді.

«Мен өте қуаныштымын. Өзім төрт баланы тәрбиелеп отырмын. Бұл біз үшін үлкен сыйлық. Балалардың қуанышында шек жоқ. Олар Аяз Ата мен Ақшақар келіп, балаларды құттықтайды деп ұзақ күтті. Осындай акцияларға өте ризамын, өйткені барлық балалар жаңа жылдық ғажайыпты күтуде», деді астаналық төрт баланың анасы. 

Іс-шара санитарлық нормалар мен карантиндік шектеулерді қатаң сақтай отырып өтті. Сонымен қатар, балаларға сыйлықтар жеткізетін экспресс-эстафетаға қатысушылар COVID-19 вакцинациясының толық курсынан өтті.