Қазақстан • 24 Желтоқсан, 2021

Мәулен Әшімбаев Халықаралық Түркі академиясының ұжымына алғыс айтты

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев әзербайжанның данышпан шайыры Низами Ганжауи, өзбек халқының ғұламасы Әлішер Науаи мен ойшыл ақын Юнус Эмренің еңбектерін аударып, көпшілікке таныстырған қайраткерлерге алғысын білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мәулен Әшімбаев Халықаралық Түркі академиясының ұжымына алғыс айтты

Бүгін елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада өткен «Шығыстың шоқжұлдыздары» атты халықаралық конференцияда Низамидің қазақ тіліне, Науаидің қазақ және әзербайжан тілдеріне, сондай-ақ Юнус Эмренің қазақ тіліне аударылып, басылған еңбектерінің таныстырылымы өтті.

«Түркі әлемі жаһан жұртының назарын өзіне аударды. Жаңа заманда да біз осы биікке көтерілуді мақсат тұтуымыз керек. Ол үшін түркі жұртының тұтастығын көздейтін бүгінгідей еңбектердің маңызы зор. Себебі, әлем түркі жұртының рухани әлеуетін ұлы тұлғаларымыз бен олардың өміршең туындылары арқылы таниды. Сондықтан шайырлардың түркі халықтарының алтын діңгегі саналатын мұрасын жарыққа шығару, аудару, зерттеу - біздерге міндет», деп жазды Мәулен Әшімбаев өзінің Facebook парақшасында.

Осы ретте Сенат төрағасы  қазақтың көрнекті ақындары Несіпбек Айтұлына, Светқали Нұржанға, ғалым Төрәлі Қыдырға алғысын білдірді.

Ол, сондай-ақ Халықаралық Түркі академиясының қажырлы еңбегін ерекше атап өтті.

«Осы міндеттің үдесінен шыға білген Дархан Қыдырәлі бастаған Халықаралық Түркі академиясының ұжымына алғыс айтамыз. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстарыңыз табысты болсын. Бауырлас елдердің ынтымағы нығая берсін», деп жазды ол.