26 желтоқсан күні сағат 13:30-да елорда тұрғындары мен қонақтары Ақшақар мен Аяз ата костюмін киіп, жаңа жыл қарсаңындағы кезекті велошеруге қатыса алады.
Велошерудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарды спортпен айналысуға шақыру, қоғамдық шаралардың маңызын арттыру, денсаулықты қалпына келтіру.
Велошеру аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған трициклдегі веложарыс, жарыс қатысушыларына арналған флешмоб, балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы да өтеді.