Әлем • 24 Желтоқсан, 2021

Жапония дипломаттарын Бейжіңге жіберуден бас тартты

244 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жапония Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына үкіметтік делегацияны жібермеуді шешті, деп хабарлайды Egemen.kz Reuters-ке сілтеме жасап.

Жапония дипломаттарын Бейжіңге жіберуден бас тартты

Бұл туралы брифингте Министрлер кабинетінің Бас хатшысы Хироказу Мацуно хабарлады.

«Токио ақпан айында басталатын ойындарға үкіметтік делегацияны жібермейді», деді ол.

Мацуноның айтуынша, оның орнына билік Олимпиадаға тікелей қатысы бар бірнеше шенеунікті, соның ішінде саясатшы Сейко Хашимото мен Ұлттық Олимпиада және Паралимпиада комитеттерінің басшыларын жібереді.

Сонымен бірге саясаткер Бейжіңдегі ойындарға үкіметтік шенеуніктерді жібермеу туралы шешім дипломатиялық бойкот емес екенін атап өтті.

«Менің білуімше, АҚШ жариялаған «дипломатиялық бойкот» деген сөзді біз қолданбаймыз», деп түсіндірді ол NHK телеарнасында.

Айта кетсек, Бейжіңдегі 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындары 4-20 ақпан аралығында, ал қысқы Паралимпиада ойындары 4-13 наурыз аралығында өтеді. АҚШ бірінші болып Олимпиада ойындарына қатысты «дипломатиялық бойкот» жариялауға шешім қабылдады. Бұған дейін Австралия, Жаңа Зеландия, Канада және Ұлыбритания да дипломаттарды ойындарға жібермеуге шешім қабылдаған болатын.

Бұған жауап ретінде қытай билігі америкалық саясаткерлер Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына бойкот жариялауға шақыруды тоқтатпаса «қарсы шаралар» қабылдайтынын мәлімдеген болатын.