Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2021

Алматы-Қорғас тасжолы жабылды

401 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматы-Қорғас тасжолы қалың тұманға байланысты жабылды. Мамандар бұл бағытқа жолға шықпауды ескертеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматы-Қорғас тасжолы жабылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ Алматы облыстық филиалы мен «Қазақавтожол» ЖШС Алматы облыстық филиалының хабарлауынша, 2021 жылғы 25 желтоқсан сағат 12:00-ден бастап күн райының нашарлауына яғни, қалың тұман түсіп, жолдың көрінбеуіне байланысты «Алматы-Қорғас» республикалық маңызы бар автожолы жабылды.

Нақты аталған бағыттың 24-140 шақырымында қозғалыс тоқтатылады. Бұл Арман кенті мен Шелек ауылының маңы. Бұл бағытта автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды», делінген Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Ведомствоның мамандары Алматы облысының осы бағыттағы сапарлардан бас тартуды ескертеді.