Кеше Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Серік Ахметов Көлік және коммуникация министрлігі мен Байланыс және ақпарат агенттігі ұжымдарына олардың жаңа басшыларын таныстырды, деп хабарлады Премьер-Министрдің баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Көлік және коммуникация министрі болып Жеңіс Қасымбек, Үкіметтің қаулысымен Байланыс және ақпарат агенттігінің төрағасы болып Асқар Жұмағалиев тағайындалды.
С.Ахметов А.Жұмағалиевке Көлік және коммуникация министрлігінің басшысы қызметінде атқарған жұмысы үшін алғыс айтып, оның кәсіби біліктілігінің жаңа мемлекеттік орган жұмысын жедел ұйымдастыруға және Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді шешуге көмектесетініне сенім білдірді.
Премьер-Министр Ж.Қасымбек пен А.Жұмағалиевке алда тұрған міндеттерді шешу барысында табыстар тіледі.
Хроника
Мемлекет басшысының Жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрі қызметінен босатылды.
* * *
Мемлекет басшысының Өкімімен Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды.