Аймақтар • 25 Желтоқсан, 2021

Өскеменде бас шыршаның шамдары жағылды

359 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өскемен қаласында жаңажылдық бас шыршаның шамдары жанды, деп хабарлайды Egemen.kz.



Өскеменде бас шыршаның шамдары жағылды

Қала әкімдігінің мәліметіне сүйенсек, жыл сайынғы қалыптасқан дәстүр бойынша «Республика» алаңына орнатылатын шырша шамдары жағылды. «Өскеменде жаңажылдық безендіру бойынша жұмыстар аяқталуға шақ қалды.

Сондай-ақ Арбат, Комендантка және 19-шы ықшам ауданында интерактивті шыршалар орнатылған», деп жазды шаһар басшысы Жақсылық Омар Facebook парақшасында.