Әлем • 27 Желтоқсан, 2021

«Омикрон» Еуропаға да жетті

399 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Коронавирустың «омикрон» штамы 110 мемлекетте анық­тал­ды. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) сайтында жарияланды.

«Омикрон» Еуропаға да жетті

«2021 жылғы 22 желтоқсандағы жағдай бойынша, вирустың «омикрон» штамы 110 елде, ДДҰ-ның барлық алты өңірінде анықталды», делінген ұйым мәлімдемесінде.

Сарапшылардың айтуынша, «омикрон» штамы «дельта» штамына қарағанда тез таралады. Оған қоса жұқтырғандар қатары 2-3 күн сайын екі есе артып жатыр. «Омикрон» штамының салдарына келер болсақ, нақты мәлімет жоқ. Оңтүстік Африка, Ұлыбритания және Дания елдерінен алынған деректерге сәйкес, «омикрон» штамын жұқтырғандар вирустың «дельта» штамын жұқтырғандарға қарағанда ауруханаға сирек түседі. Мұны «омикрон» штамына ағзаның иммундық қорғанысының қатты әсер етпейтіндігімен түсіндіруге болады. Қазіргі кезде мамандарда «омикрон» штамына вакцинаның қалай әсер ететіні туралы деректер аз болып отыр.

Ұлыбритания Корольдігің санитария басқармасы коронавирустың «омикрон» атты жаңа штамының таралуы желтоқсанның соңғы күндеріне қарай артуы мүмкін екенін теріске шығармайды. Билік британиялықтарды тез арада ковидке қарсы ревакцинация салдыртып, үшінші екпенің көмегімен «омикрон» штамын жұқтырудың алдын алуға шақырды.