Елорда • 27 Желтоқсан, 2021

Азаттық шежіресі: Фотокөрмеге кәсіби мамандардың туындылары қойылды

418 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған фотокөрменің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Азаттық шежіресі: Фотокөрмеге кәсіби мамандардың туындылары қойылды

Іс-шараға Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті КеАҚ Басқарма төрағасы – ректор Ерлан Сыдықов, Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков, әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректор Дихан Қамзабекұлы, оқу-ісі жөніндегі проректор Еркін Оңғарбаев, факультет декандары, сала қызметкерлері және көрмеге қойылған фотосуреттің авторлары қатысты.

45+6+645+

Көрменің ашылу салтанатында сөз сөйлеген  ЕҰУ ректоры Ерлан Сыдықов Қазақстанның танымал фотосуретшілерінің ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық тарихына арналған еңбектерінің көрмесіне қойылған тарихи суреттерде ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қайраткерлігі, ел азаматтарының ерен еңбегі, пейзаж, қоғамдық-саяси өмірдегі айшықты сәттер әдемі бейнеленгенін тілге тиек етті және  алдағы уақытта білім одасынан «Хабар» агенттігі мен «Қазақстан» телерадиокорпорациясы, Қазақ радиосының шеберлік шыңдау студиясы секілді фотозертхана ашылатынын атап өтті.

256+4

«Фотокөрменің мақсаты жас ұрпаққа Тәуелсіздігімізді дәріптеп, мемлекетіміздің мерейін арттыру және тарихи сананы қалыптастыру», деген академик Ерлан Сыдықов көрмеге жиналған барлық қатысушыларды Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және келе жатқан жаңа жыл мерекесімен құттықтады, соңынан фото авторларына естелік сый тапсырды.

Келесі кезекте сөз алған Елтаңба авторы Жандарбек Мәлібеков көрмеден өзінің осыдан отыз жыл бұрынғы суретін көріп, оның тарихы туралы сыр шертсе, ҚР Премьер министрінің фототілшісі Шүкір Шахай университет басшысы Ерлан Бәтташұлына және Зерендіде өткен республикалық фотосуретшілер байқауы мен бүгінгі көрмені ұйымдастыруға ұйытқы болған ЕҰУ Ақпарат орталығының фотографы Ербол Ерденбекке алғыс білдірді.

4+9+65

Көрмеге қойылған мемлекеттік құрылымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарында жұмыс істейтін танымал фотографтардың ішінде ҚР Премьер министрінің жеке фотографы Шүкір Шахай, ардагер фотограф Советбек Мағзұмов, ҚР Қорғаныс министрілігінің фотографы Ермек Сарыбасов, «Казақпарат» агенттігінен  Мұхтар Холдарбек, Бауыржан Жуасбаев, «Тенгринюстен» Тұрар Қазанғапов, республикалық «Егемен Қазақстан» газетінен Ерлан Омаров, «Астана ақшамы» газетінен Сұлтан Сейілов, Премьер-министр сайтынан Нариман Мурзабаев, «National Geographic» журналынан Ерболат Шадрахов, «Казақньюстен» Доған Йылдыз, Zhastar Life порталынан Мейірбек Тажкурановтардың еңбектері көрермен назарын өзіне аударды.

«Сабақты ине сәтімен» дегендей, шара барысында ректор Ерлан Сыдықов бастап, фотографтар Шүкір Шахай, Ерлан Омаров, Доған Йылдыз, т.б. қостап,  Журналистика және саясаттану факультетін тәмамдаған бір топ докторантқа PhD докторы дипломын тапсырды, алдағы еңбектеріне сәттілік тіледі.

126456

 Рахымжан ТҰРЫСБЕК, филология ғылымдарының докторы, профессор:

«Осында қазақ даласының, әсіресе, Алатау мен Атырауға созылып жатқан сахара көріністері, тұтас табиғат, жыл мезгілдері, сосын адам мен оның еңбегі жан-жақты көрініс тапқан.

Көрмені аралап жүріп, ойыма бір жайт оралды. Осыдан оншақты жыл бұрын университет басшылығы біраз ғалымдарды білім ордасының атынан Еуропаға жіберді. Сол Еуропаға барған кезде қазіргі Германияның атақты қалаларының бірі Дрезденде дүниежүзіндегі көркемсурет галереясына жолымыз түсті. Бұл галареяның ерекшелігі – жер бетіндегі руханиятқа, өмірге,  адамзаттық құндылықтарға құштар жандардың бәрі сол жерге жыл он екі ай барып тұрады. Сонда байқағаным, университеттің аумағындай жерді алып жатқан үш қабатты үйдің бірінші қабатында бірыңғай жер бетіндегі қару-жарақтар, екінші қабатында бірыңғай ыдыс-аяқтар, үшінші қабаты көркемсуретке беріліпті. Жер бетіндегі көркемсуреттің бәрі жинақталған.

Міне, бүгін осы  тұсауы кесіліп, салтанатты жағдайда ашылған  «Тәуелсіздік: елдің фотошежіресі» атты көрмені аралай жүріп, алыстағы Еуропадағы дүниежүзілік көрменің әсері ойыма оралды. Біздің қазақстандық суретшілердің де еңбегі кем емес, отыз жылдағы табысты сурет өнері арқылы көрсетіп отыр».

Шүкір Шахай, ҚР Премьер-министр фотосуретшісі:

«Бүгінгі көрменің ашылу сәтінде Мемлекет және қоғам қайраткері, көрнекті жазушы, марқұм Әбіш Кекілбаевтың айтқан бір әңгімесі еске түсіп отыр. «Табиғаттан бір тамаша жануарды көрген аңшылар оны атып өлтіреді, ал сендер, фотографтар сол әдемі, сұлу жануарды ертеңгі ұрпаққа сол әдемі күйінде жеткізесіңдер», деп еді. Бұдан асырып не айтуға болады?»

Шара соңында көрмеге қатысушылар естелік суретке түсті.