Коронавирус • 28 Желтоқсан, 2021

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Жандос Бүркітбаев

195 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы Жандос Бүркітбаев айтты, деп хабарлайды  Egemen.kz.

Қазақстанда эпидемиологиялық жағдай тұрақты – Жандос Бүркітбаев

«Әлемде ауру деңгейі өсуде, оның ішінде соңғы айда ауру Еуропада 11 пайызға артқан. Тынық мұхит өңірінде және Африкада 10 пайызды құрады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша Еуропада соңғы екі аптада 18 елде ауру өскен. Оның ішінде Испанияда, Италияда – 97, Данияда – 89, Ұлыбританияда, Португалияда – 69, Францияда 39 пайызға артқан. Қазақстанда соңғы екі аптада ауру 32 пайызға төмендеді», деді ол.

Оның атап өтуінше, Қазақстан Республикасында коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты.

«Күн сайын орта есеппен оң ПТР тестімен коронавирус инфекциясының 500-ге жуық және теріс ПТР тестімен 50-ге жуық жағдайы тіркеледі», деді Жандос Бүркітбаев.