Медицина • 28 Желтоқсан, 2021

Белгілі ғалым Жанар Мұстафина дүние салды

4025 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Белгілі ғалым, республикаға еңбек сіңірген офтальмолог дәрігер, жазушы Ғабиден Мұстафиннің қызы, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина өмірден өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Белгілі ғалым Жанар Мұстафина дүние салды

Бұл туралы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті хабарлады.

«Белгілі ғалым, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері, профессор Жанар Ғабиденқызы Мұстафина 86 жасында өмірден озды. Ол медицина мен ғылымға бар күш-жігерін арнады, ғылымға, ҚазҰМУ-де оқу-тәрбие ісін қалыптастыруға зор үлес қосты. Оның еңбегі республикада және одан тыс жерлерде лайықты бедел мен құрметке ие болды. Халық және мемлекет алдындағы қызметі «Парасат», «Құрмет белгісі», «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген дәрігері» ордендерімен марапатталған. 

Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушылары, студенттері мен қызметкерлері марқұмның туыстарының қайғысына ортақтасып, отбасы мен жақындарына көңіл айтады. Жанар Ғабиденқызының жарқын бейнесі, оның жігері, мейірімділігі, ұқыптылығы, парасаттылығы мен жан дүниесі оны танып, бірге жұмыс істеу бақытына ие болған жандардың жадында мәңгі сақталады», делінген ҚазҰМУ хабарламасында.