Екі елдің көшбасшылары Қазақстан-Германия екіжақты қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ Қазақстан Президентінің Германияға сапары барысында қол жеткізілген келісімдер негізіндегі сауда-экономикалық ынтымақтастық аясын кеңейту мәселелерін талқылады.
Бұған қоса, Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Украинадағы ішкі саяси ахуалдың дамуымен қатар, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті украиндық дағдарысты барлық мүдделі тараптар арасындағы диалог жолымен, бұл елдің аумақтық тұтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ өзара күш көрсету мен ультиматумдардан бас тарту үшін халықаралық бітімгершіліктің ықтимал тетіктерін пайдалана отырып дипломатиялық тұрғыда реттеудің маңыздылығын қуаттады.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан қажет болған жағдайда, Украинадағы ахуалдың бейбіт жолмен шешілуі үшін ымыралы шешімдерді әзірлеуге өзінің сындарлы үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді.
Осы күні Мемлекет басшысы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен де телефон арқылы сөйлесті. Әңгімелесу барысында екі елдің көшбасшылары халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде, соның ішінде Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалдың дамуына қатысты пікір алмасты.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның стратегиялық серіктес ретінде Украинадағы аз ұлттар құқығын, сондай-ақ өзінің қауіпсіздігінің мүддесін қорғайтын Ресейдің ұстанымына түсіністікпен қарайтынын атап өтті.
Мемлекет басшысы барлық мүдделі қатысушылар байыптылық танытатынына және келіссөздер жолымен жағдайды тездетіп қалпына келтіру шараларын қабылдайтынына үміттенетінін білдірді.
Қазақстан Президенті Украинадағы дағдарысты егемендікті сақтау негізінде және халықаралық құқық нормаларына сәйкес бейбіт жолмен реттеу қажеттігі туралы өзінің пікірін білдірді.
Дереккөз: Ақорда. kz.
Фото: Ақорда. kz.
• 11 Наурыз, 2014
Мемлекет басшысы Ангела Меркельмен телефон арқылы сөйлесті

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше