Қазақстан • 28 Желтоқсан, 2021

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Түркі академиясына арнайы келді

539 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Аталар Атамоглановпен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz академияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әзербайжанның Қазақстандағы Елшісі Түркі академиясына арнайы келді

Кездесуде тараптар түркі елдері ынтымақтастығы аясында атқарылып жатқан жұмыстарды талқылап, алдағы жоспарлар туралы пікірлесті.

Мәртебелі мейман Аталар Атамогланов Түркі Академиясы жүзеге асырып жатқан жобаларға ризашылығын білдіріп, ұйымның жұмыстарына табыс тілеп, игі бастамаларға қолдау көрсететінін жеткізді. 

Өз кезегінде Академия басшысы Дархан Қыдырәлі Әзербайжан елшісіне Академияға арнайы келгеніне алғыс айтып, келе жатқан Жаңа жылымен және 31 желтоқсан – Әлем әзербайжандарының ынтымақтастық күнімен құттықтады.

Дархан Қыдырәлі Әзербайжан елшісіне Түркі Академиясы әзірлеп шығарған Низами Гәнжауидің қазақ тіліне аударылған «Жеті ару. Лейлі-Мәжнүн» дастаны мен Әлішер Науаидің әзербайжан тілінде жарық көрген таңдамалы шығармалырын таныстырып, тарту етті.

Сонымен қатар, Дархан Қыдырәлі Академия 2022 жылы Хусейн Джавид пен Ахмад Джавад сынды әзеірбайжан халқының ұлы тұлғаларының мерейтойларын жоғары деңгейде атап өтуді жоспарлап отырғанын айтты.

Айта кету керек, Академия биыл Ыстанбұл қаласында өткен Халықаралық Түркі академия Ғылыми кеңесінің IV отырысында Түркі әлеміндегі 2021 жылғы атаулы күндердің тізіміне Түркі халықтары әдебиетінің классиктері Низами Гәнжауидің туғанына 880 жылдығын, Әлішер Науаидың туғанына 580 жылдығын және Юнус Эмренің дүниеден өткеніне 700 жылдығын атап өту жоспары да енгізіліп,  осы бағытта бірқатар ауқымды шараларды іске асырды.