Балқаш көлінен заңсыз 1,5 тонна балық аулаған азамат құқық қорғау қызметкерлерінің қолына түсті. Бұл туралы «24 kz» хабарлады.
Аталған көлдегі балық қорын көбейту мәселесіне байланысты жыл бойына осы жерден балық аулауға тыйым салынған-ды. Бір таңқаларлығы, ұсталған күдіктінің жеке басын анықтайтын құжаты да болмай шықты. «Жедел іздестіру шарасы кезінде Балқаш көлінен заңсыз 1,5 тонна балық аулаған азамат ұсталды. Одан тәркіленген барлық айғақ заттар зертханаға жіберілді. Қазір күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде», - дейді Қарағанды облыстық ішкі істер департаменті табиғатты қорғау полициясы бөлімінің басшысы Болат Тақышев.
Өткен жылы Қоршаған ортаны қорғау министрінің кеңесшісі Айнұр Қуатова Балқаш көліне байланысты мынадай мәлімдеме жасаған болатын: «Халықаралық сарапшылардың болжамына жүгінсек, бізбен іргелес Қытайдың суға деген жыл сайынғы сұранысы 2030 жылға қарай қазіргі күнгі 555 млрд.текше метрден 818 млрд.текше метрге дейін өсетінін зерттеуші мамандар болжап берді. Ал мұның өзі Балқаш көлін 80 пайыз сумен қамтып отырған Іле өзені суының көлемі де анағұрлым азаятындығын аңғартады. Мұндай үрейлі болжам Балқаш мәселесін мемлекетаралық деңгейде шешуді талап етеді».
Міне, осыдан кейін мұндағы балық қорын көбейту ісі болашақта өте күрделі болатыны аңғарылып тұр. Сондықтан табиғат жанашырлары көлдегі байлықты қорғауға жұмылуда...
Әмірхан Алмағанбетов.
Дереккөз: «24 kz».
Фото: «24 kz».

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше