Экономика • 29 Желтоқсан, 2021

«Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық тұрақтылықты жоғарылатады

253 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

2021 жылдың қорытындысы бойынша «Самұрық-Қазына» қо­ры­ның қаржылық тұрақтылығы жақсара түсті. EBITDA дең­ге­йі – 2,6, бұл өткен жылғы көрсеткіштен едәуір жақсырақ. Был­тыр ол 3,6 болды. EBITDA шамамен 1 тлрн теңгеге ұлға­йып, жыл қорытындысы бойынша 3,5 трлн теңгеге жетеді деп күтілуде.

«Самұрық-Қазына» АҚ қаржылық тұрақтылықты жоғарылатады

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма мүшесі – құқықтық сү­йе­­мелдеу және тәуекелдер жө­ніндегі басқарушы директоры Андрей Кравченко атап өтке­нін­дей, бұл аспектілер халық­аралық Standard & Poors агенттігіне қор­дың несиелік рейтинг деңгейін «ВВВ-» (болжам «тұрақты») жоғарылатуға негіз болды. Ха­лық­­аралық Moody’s агенттігі де қор­дың рейтингісін «Baa2» «тұ­рақ­ты» болжаммен бекітті.

Қордың өкілі ең маңызды деген тәуекелдерді азайту мақ­­са­тында атқарып жатқан жұ­мыс­та­ры тура­лы әңгімелеп берді. Соның ішінде экология және кли­мат­тың өзгеруі мәселелері бар. «Самұрық-Қазына» тобының қыз­метіне айтарлықтай әсер ете­тін факторлар қатарында: пар­никтік газдардың шығары­лы­мын шек­тей­тін Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­­сының жаңа Экологиялық ко­дек­­сінің күшіне енуі; еліміздің 2030 жылға дейін парниктік газдар шығарылымдарын азайту және 2060 жылға дейін көміртек бейтараптығына қол жеткізу міндеттемелері; трансшекаралық көміртектік реттеуге байланысты әлеуетті тәуекелдер.

Андрей Кравченко ірі инвес­ти­циялық жобаларды іске асы­ру­ға, активтерді жеке­ше­лен­ді­руге және энергетикалық қуат көз­дерінің тапшылығына бай­ланыс­ты тәуекелдерді есепке алу қажет­ті­лігін ерекше атап өтті.

Қор әлеуметтік тұрақтылық мәселелеріне ерекше мән беріп отыр. Қазіргі таңда еліміз­дің ба­тыс өңірлеріндегі мұ­най­­сер­вис кәсіпорындары қыз­мет­керлерінің мұң-мұқтажы ерекше назарға алынды. Қор «Қаз­Мұ­найГаз» ұлттық компания­сы­мен, республикалық және жер­гілікті билік органдарымен бірлесе отырып, еңбек шарттары мен бизнестің тұрақтылығы бо­йынша жүйелі шараларды жүзеге асырып келеді. Соның ішінде сатып алулар процедураларын жетілдіру, аталған кә­сіп­орындарға ай­рықша шарттар ұсыну көз­дел­ген. Соның арқа­сын­да олар жұмысшылардың еңбек­ақ­ысын жоғарылатуға мүмкіндік алады.

Қордың өкілі сондай-ақ COVID-19 бойынша жағдайға қа­ты­с­ты баға берді. Оның айтуынша, «Самұрық-Қазына» тобының өндірістік кәсіпорындарында коронавирус жұқтыру деңгейі төмен. Ал қызметкерлердің 80%-ы бұл дертке қарсы вакцина сал­дыр­ған.

Бұдан бөлек, Андрей Крав­чен­ко қордың сатып алулар жү­йе­­сін жетілдіру бағытында ат­қа­рылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 9 желтоқсанда қордың Директорлар кеңесі сатып алуларды жүргізудің жаңа тәртібін бекітті. «Атамекен» ұлттық кәсіп­кер­лер палатасымен және Қаржы министрлігімен келісілген құжат 2022 жылдың 1 қаңтарынан бас­тап күшіне енеді. Ондағы негіз­гі жаңашылдықтарды атап өтсек, бірінші кезекте әлеуетті жет­кі­зіп берушілерге қойылатын бі­лік­тілік талаптарын түгендеген тізім бекітілді. Бұл жеткізіп беру­ші­ні таңдау процедурасының ашық­тығын қамтамасыз етіп, са­тып алуларға қатысатындар ара­­сындағы бәсекелестікті артты­ра­­ды.

Сондай-ақ шарттарды өз­гер­ту мүм­кіндіктерін шек­тей­­тін нақты механизмдер бе­кі­тіл­ді. Бұл ретте қажетті тауарлар мен қызметтерді әзір­леу ке­зінде шикізат пен қосалқы бөлшектердің қымбат­тауына байланысты келісім­шарт­тың бағасын өсіру мүмкіндігі де қа­растырылған.

Құжатта қордың келісім комиссиясы жұмысының механизмдері де айқындалды. Оның құрамына міндетті түрде «Атамекен» ҰКП мен отандық бизнестің салалық қауымдастықтарының өкілдері кі­реді.

Бұған қоса, сатып алуларды электронды дүкен арқылы жү­зе­ге асырудың арқасында бір көз­ден сатып алулар көлемі мен не­гіздемелері азайтылып, бұл са­тып алулардың ашықтығы мен жылдамдығын арттыруға мүм­кін­дік берді.

Осы нормалар сатып алулар бойынша нормативтік құжаттарға енгізіліп, қорға биылғы 11 айдағы жергілікті үлес деңгейін – 76%-ға дейін, тауарлар сатып алудағы жер­гілікті үлес деңгейін – 64%-ға, сатып алулардағы жұмыстар дең­гейін – 82%-ға ал сатып алу­да­ғы қызметтің жергілікті үлес деңгейін 86%-ға жеткізуге жол ашты.