12 Наурыз, 2014

Нұрсұлтан Назарбаев – еуразиялық интеграцияның бас архитекторы

654 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін
Қазақстан Президенті Нұр­­сұл­тан Назарбаевтың ресей­лік ғылыми қоғамдастық дег­дар­ларының алдында беделді мін­берден ал­ғаш рет жұртшылық назарына «Мемлекеттердің Еу­ра­зиялық одағын құру туралы жо­баны» (МЕО) ұсынғанына 20 жыл толып отыр. pic 68-1 КСРО ыдырағаннан кейінгі пост­кеңестік кеңістікте қалып­тасқан әлеуметтік-экономикалық байланыстар жібі бырт-бырт үзіліп, тіпті, әскери қақтығысқа дейінгі көптеген жанжалдар пайда болған тұста, мұның айтар­лықтай үлкен оқиға болғанын бүгінде біз жақсы түсінеміз. Адамдар ұлтаралық ахуалдың нашарлауына байланысты бір-бірінен ірге ажыратуға дейін барса, осының салдарынан босқындар да пайда болып, өмір сүру деңгейі де күрт құлдырап кетті. Сол кездері жаңа тәуелсіз мемлекеттер өз­дерінің арасындағы көптеген қарым-қатынас проблемаларын шешу жолында айтарлықтай қа­рама-қайшылықтарға да барды. Ал оларға сауда-экономикалық ынтымақтастықтың мүлде жаңа стратегиясын құрып, өзгеріске ұшыраған геосаяси шындыққа сәйкес келетін өзара іс-қимылдың қағидатты тұрғыдан мүлдем жаңа тетіктерін қалыптастыру қажет болды. 1994 жылдың наурыз айын­да өткен ММУ-дегі тарихи кез­де­судің қатысушысы бола отырып, мен осынау батыл да адуынды интеграциялық жобаға қатысты таңданыстарын жасыра алмаған белгілі Ресей ғалымдарының бет-жүздерін көрдім. Бейнелеп айтқанда, бұл Қазақстан Пре­зи­дентінің болашаққа көреген көзқарасы еді. Әлем тарихында ғаламат көріпкелдік орасан рөл атқаратынын да атап өткен жөн. Саясаткердің ойы мен ерік-жігері уақыттан озып, қоршаған әлемді өзгерте, қалыптасқан стереотиптерді бұза отырып, мүм­­кіндіктің шегін кеңейте ала­ды. Осы тұрғыдан келгенде, Нұр­сұлтан Назарбаев бас­тама­сының құндылығы өзінің замандастарына қарағанда, көп нәрсені көре білуіне байланыс­ты болып отыр. Елбасының еуразиялық интеграцияны дамыту және терең­дету бағытындағы ұсы­нысы посткеңестік өмір шын­дығына қатысты сын-қатерлерге тиімді жауабы болып табылды. Аса қиын жағдайларда Қазақстан басшысы өзін тек аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде ғана емес, сон­дай-ақ, ойшыл-стратег ретінде де көрсете білді. Сол күні Нұрсұлтан Әбішұлы Мәскеу мэриясында іскер топтар алдында сөз сөйлеп, содан кейін Журналистердің орталық үйінде жетекші Ресей БАҚ-тары басшыларымен дөңгелек үстел өткізді.

Президент-1

Бұл кездесулерге біздің ел­де­рі­міз­дегі жағдайлар туралы толық ақпараттарға ие талас­сыз кәсіпқойлар жиналды. Таны­­мал сарапшылар, жетекші элек­­трон­ды және баспасөз масс­медианың редакторлары Пре­зиденттің емеурінінен-ақ оның интеграциялық идеясы мен тү­бегейлі жаңалығының мәнін айна-қатесіз түйсінді. Сондықтан да болар, аудиторияның бұл идеяға қызығушылығы жедел арта түсті. Сол сәтте мен Нұрсұлтан Әбішұлының өзінің идеясын жеткізуге қажетті жалғыз ғана дұрыс жолды дәл таба білгенін бүкіл болмыс-бітіміммен айқын сезіндім. Осылайша бүкіл жинал­ған­дар аталған тақырыптағы ашық әңгімеге көшті. Бұл сол кез­дегі жаңа тәуелсіз мемлекеттер арасындағы қарым-қатынас қандай бағыт алады деген тұрғыдағы бү­кіл қоғамды толғандырған өт­кір мәселе еді. Осы кездесуге қаты­сушылардың барлығы тарихи оқиғаға куәгерлер болып отыр­ғандарын нақты түсінді. Ал бұл біздің елдеріміздің «өркениетті ажырасу идеологиясы» секілді хаос­ты алмастыратын қазіргі заманғы еуразиялық интеграцияның нақты жинақталған және ойластырылып негізделген идеяны белсенді ілгерілетудің басы болатын. Ресей БАҚ-тары жетекшілерінің көптеген жылдар бойы қалыптасқан зор тәжірибелері мен сезімталдығы Нұрсұлтан Әбішұлының тарихи бастамасын лайықты деңгейде бағалауға мүмкіндік берді. 1994 жылдың 8 маусымында Еуразиялық одақ (ЕАО) жобасы бас редакторы белгілі саясаттанушы және баспагер Виталий Третьяков болған сол кездегі танымал және ықпалды «Независимая газетада» жарияланды. Осы жария­ланымның арқасында жоба нақты талдау мен жан-жақты талқы­лауларға қолжетімділік алып, сая­саткерлер, ғалымдар, дипломаттар, шығармашыл интеллигенция өздерінің үнқосуларын газетке жолдап жатты. ЕАО жобасы 1994 жылдың 14 маусымында Ресей Мемлекеттік думасының парламенттегі фрак­­­ция­сы мен Ресей СІМ-інің Дип­­­ло­матиялық академиясы бір­­лесіп ұйымдастырған «Еу­ра­­зия­лық интеграцияның перс­пек­ти­валары» деп аталған дөң­гелек үстелде, 18 мау­сымда «Еу­ра­зия­лық қоғамдастық: әртүр­лі­лік­тегі ортақтық» конференция­сында, 5 шілдеде Мем­ду­мада өт­кен «Тәуелсіз Мемле­кет­тер Дос­тастығының пайда болуы, оның қазіргі жағдайы мен даму перс­пективалары» тақы­ры­бын­дағы парламенттік тың­дау­да талқыланды. Бұл шараларға қаты­су­шылар, посткеңестік кеңіс­тікті саяси және экономикалық ор­­нықтырудың перспективаларын кейде, тіпті, қарама-қайшы тұрғыда көргендеріне қарамастан, ЕАО жобасы сол кезде ұсынылған интеграциялық идеялардың ішін­дегі аса негізделгені екендігімен келісуге мәжбүр болды. Өйткені, ЕАО құру көпшілікке айтарлықтай оңтайлы көрінді, себебі, бұл идея ТМД елдері тұрғындарының көп­ші­лігінің тілек-талаптарына жауап берді. Н.Ә.Назарбаевтың пайымынша, мемлекеттердің Еуразиялық одағы әр қатысушы елдің ұлттық-мем­лекеттік мүддесі жүзеге асырылатын тең құқылы тәуелсіз мем­лекеттердің одағы болуы тиіс және әрқайсысының жиынтық әлеу­еті толықтай пайдаланылуы қажет. Бұған қоса, Тәуелсіз Мем­лекеттер Достастығынан айыр­ма­шылығы, бірлесу негізі басқа емес, экономикалық өзара байланыстар болуы шарт. ЕАО елдерінің нарықтық жаң­ғыр­тулар жүргізудегі, ұлт­тық қау­іп­сіздік саласындағы қадам­дары үйлесімділігімен әрі әлем­дік экономикалық жүйеге ортақ кірі­гуімен ерекшеленуі керек. Мұн­дай міндет өңір мем­ле­кет­терінің біртұтас экономикалық, кедендік, сауда және әлеуметтік-гуманитарлық кеңістік құру жолымен жүзеге асуы тиіс. ЕАО-ны ресімдеу егемендікке нұқсан келмейтіндей, мемлекеттердің ішкі ісіне араласпау, өз елінің мемлекеттік құрылым тәртібін ай­қындаған әр халықтың құқына құрметпен қарау жағдайында жүргізілуі керек. Интеграцияға праг­матикалық көзқарас, эконо­микалық мақсаткерлік пен бір­лес­тіктің еркіндігі болуы қажеттігі ЕАО қалыптастырудағы басым қа­ғи­даттар ретінде мойындалуы тиіс-тін. Еуразия мемлекеттері инте­грациясының басты мақсаттары ре­тінде тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету, өңірді әлеуметтік-экономикалық жаңғырту қажеттігі айтылды. Сондай-ақ, жобада ЕАО-да Еуропалық одақ үлгісіндегі ұлт­­үстілік орган құрылатыны атап өтілсе, ол мемлекеттердің түрлі салалардағы өзара қарым-қаты­настарын реттеу функциясын өзіне алуы тиіс болды. Еуразиялықтың негізін қа­лау­­шылар мен теоретиктері – П.Н.Са­вицкий, Г.В.Флоровский, Н.С.Тру­бецкой, Г.В.Вернадский, С.М.Соловьев, Л.Н.Гумилев – Еу­ра­зия кеңістігінің ортақтығын таби­ғаттың өзі айқындап берген деп есептесе, оның тарихи да­муындағы шешуші негізді таби­ғи-географиялық және әлеу­мет­тік-мәдени факторлардың өзара тығыз іс-қимылынан көрді. Еура­зияшылардың сенімінше, Еуразия халқы бәсекелестер емес, керісінше, одақтастар. Өйткені, нақ осы Еуразия кеңістігінде халық­тар бауырластығы бұрын ешқай­да кездеспеген деңгейде қанат жайса, олардың саяси, эко­но­микалық, мәдени бірлестік­терге деген ұмтылыстары да сол деңгейде көрініс тапты. Г.В.Вер­надс­кийдің мемлекет құраушы үде­рістер туралы теориясына сүйе­­нетін болсақ, елдердің Еура­зия кеңіс­тігінде өзара пайда мен еркіндік қағидаттарына негіз­делген бүкілеуразиялық бірлестігі пайда болатыны шығар күндей ақиқат. Қазіргі өмір шындығы жағ­дайында Қазақстан басшысы Н.Ә.Назарбаевтың ЕАО құру идея­­сы еуразиялықтың іс жүзін­дегі жаңа кезеңінің бастауы болды. Бұл орайда, Нұрсұлтан Назар­баевтың ерекше еңбегі мынада: ол еуразиялық теориясын саяси тәжірибе арқылы күшейтуге қол жеткізіп, сол арқылы еуразиялық тұжырымдамасын өмірге қабілетті және тиімді ете түсті. Осылайша, Қазақстан Президенті ұсынған еура­зиялық интеграциялық стра­тегия ХХ ғасырда түрлі құр­лықтарда жүзеге асырылған өңір­лік интеграциялардың әлемдік үлгілеріне негізделді. ЕАО жобасы интеграциялық модельдің әлемдік қоғамдастық тарапынан мойындалған классикалық үлгісіне де арқа сүйеді. Бұл мо­дель­ді интеграциялық эволюция тео­риясының авторы, америкалық экономист Б.Балаша өзінің ар­қау­лы еңбегі – «Экономикалық инте­грацияның теориясы» (1961 ж.) кітабында ұсынған болатын. Б.Балаша халықаралық экономи­калық интеграцияның бес формасын бөліп көрсетті: еркін сауда аймағы, кеден одағы, ортақ нарық, экономикалық одақ және толық экономикалық интеграция. Еуразиялық интеграция идеясы 1995 жылдың 20 қаңтарында Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Кеден одағы туралы келісім жасасуымен практикалық тұрғыда жүзеге асырылса, оған 1996 жы­лы Қырғызстанның, 1999 жылы Тәжікстанның қосылуымен қазығы беки түсті. 1996-1998 жыл­дары Кеден одағы туралы келі­сімді дамыту мақсатында тағы да бірқатар мемлекетаралық келі­сімдер қа­былданды. Бірақ олар жұ­мыс істеп жарытпады, өйткені, сол кез­дері дезинтеграциялық үрдіс­тер әлі де айтарлықтай күшті болатын. 1999 жылдың 26 ақпанында Кеден одағы және Біртұтас эконо­микалық кеңістік туралы шартқа қол қойылды, бірақ ортақ сыртқы шекарасы мен ортақ басқару жүйесі бар біртұтас кеден аумағын қалыптастыру жоспары тағы да жүзеге аспады. Сондықтан 2000 жылға дейінгі кезеңдегі еура­зиялық интеграциялық үдерістер барысын тиімді интеграциялық модельдерді тәжірибелер мен қателіктер ар­қылы іздеу уақыты болды деп си­паттаған жөн. Еуразиялық интеграцияның тағ­дыршешті кезеңі 2000 жылғы 10 қазанда Астанада бес мемлекет басшысының (Беларусь, Қа­зақ­стан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан) Еуразиялық эконо­микалық қоғамдастық (ЕурАзЭҚ) – нақты жазылған функциялық құрылымдары мен қызметінің тиімді тетіктері, анық та айқын мақсаттары бар халықаралық ұйым құруы болды. ЕурАзЭҚ жа­нындағы бақылаушы мәртебесін Армения, Молдова және Украина алды. 2006-2008 жылдары Қоғамдастық құрамына Өзбекстан енді. Қоғамдастық өзінің аясында Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК), сондай-ақ, ЕурАзЭҚ-тің әлемдік экономика мен халықаралық сау­да жүйесіне интеграциялануын үйлестіру мақсатында құрылған болатын. Қоғамдастық елдері қызметінің стратегиялық бағыты олардың ырғақты әлеуметтік-экономикалық дамуын, табиғи, экономикалық, ғылыми және адами әлеуетінің жиынтығын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуді көздейді. Бұл қоғамның прогрессивті дамуы мен адами әрі биологиялық ресурстарын қамтамасыз етіп, біздің елдеріміз тұрғындарының экономикалық тұрғыдан өсуі мен өмір сүру деңгейлерін жоғарылатады. ЕурАзЭҚ құру туралы шарт­қа қол қойылған сәттен бері 13 жылдан астам уақыт өтті. Осы уақыттың бәрінде ол алдына қойылған міндеттердің бәрін табысты орындап келеді. Өз қызметінің бастапқы кезеңінде-ақ Қоғамдастық кәсіпорындар мен ұйымдар арасындағы іскер­лік байланыстардың тереңдеуін қамтамасыз етті. Еркін сауда аймағының арқасында Қоғам­дастық құрылған сегіз жыл ішінде ЕурАзЭҚ елдері арасындағы өзара сауда-саттық көлемі төрт еседен астамға өсті. Осы табыс­тар нәтижесінде 2010 жылдың 1 қаңтарынан Беларусь, Қазақстан және Ресей арасындағы Кеден одағы қызметіне кірісіп, 2011 жылдың 1 шілдесінен ол барлық халықаралық стандарттар бойынша толық пішінді режімде жұмыс істей бастады. Осы кезеңде Қоғамдастықтың бес мүшесінің үшеуі Кеден одағына өтті. Бұл үдеріс тең деңгейлі интеграцияның тұжырымдамасына сәйкес жүзеге асты. Сөйтіп, Кеден одағы­ның толық пішінді жұмысы коо­пера­циялық байланыстардың кеңеюіне, кәсіпорындар мен тұрғындардың шығындарын және қаржысын қысқартуға мүмкіндік берді. Нә­ти­жесінде, мүше елдердің өзара тауар айналымы 2010 жылы 29 пайызға, 2011 жылы – 34, ал 2012 жылы 7,5 пайызға өсті. Кеден одағы біздің елдеріміздің аза­­маттарына не берді дегенге ке­летін болсақ, бүгінде Қазақ­стан мен Ресей арасындағы 7,5 мың шақырымға созылып жат­қан шекарада мыңдаған ресей­лік және қазақстандық кеден­ші­лердің қажеті болмай қалды. Осының арқасында шекаралас об­лыстардың миллиондаған адамы (Ресей жағынан 26 миллион тұрғыны бар 12 өңір, Қазақстан жағынан 6 миллиондай тұрғыны бар 7 өңір) кедендік ресімдерді орындамай-ақ шекараны еркін кесіп өтіп жүр. Бұл үш елдің бір­тұтас кеден аумағы ішінде ер­кін қозғалыстағы тауарлар туралы айтпағанның өзінде Кеден одағының басты табыстарының бірі болып табылады. Интеграциядағы айтарлықтай серпінге 2010 жылы қол жеткі­зілді. Рекордты қысқа мерзім ішінде – бар-жоғы бір жыл беде­рінде – жоғары кәсіби деңгей­де Біртұтас экономикалық кеңіс­тікті қалыптастыратын 17 негіз­гі келісімдер пакеті дайындал­ды. Бұл тараптардың вице-пре­мьерлері, министрліктер мен ведомстволардың басшылары апта сайын бейнеконференциялардың көмегімен арқаулы құжаттарды сәйкестендірген өте күрделі де жан­кешті жұмыстар кезеңі еді. Оның үстіне, мемлекеттер басшы­ларының тапсырмасы бойынша әр келісімнің соңына оны жасау­да жеке жауапкершілік арқа­лаған вице-премьерлер мен ми­нис­трлер бекітілген болатын. Бұл құжаттарды сарапшылар деңгейінде үйлестірудің көпте­ген айларға созылатын әдеттегі әрекеттерінен арылуға да мүм­кіндік берді. Осылайша мемлекет басшылары 17 келісімнің бәріне 2010 жылдың қараша-жел­тоқсан айларында қол қойып үлгер­се, 2011 жылы толықтай ра­тифи­кацияланды. 2012 жылдың 1 қаңтарынан БЭК-ті құрудың прак­тикалық кезеңі басталса, ол толық пішінде 2015 жылдан бастап жұмыс істеуі тиіс. 2012 жылдың 1 қаңтарынан Кеден одағы мен БЭК-тің тұрақты жұмыс істейтін ұлтүстілік рет­теуші органы – Еуразиялық эко­но­ми­калық комиссия қызметіне кірісті. Бұл жерде бизнес пен тұрғындар үшін негізгі рөлді ұйымдастырушы құрылымдар ретінде Кеден одағы мен БЭК-тің өздері ғана емес, біртұтас нарық құрумен байланысты сауда-өндірістік үдерістер мен заңнамалық өзгерістер атқарады. Осылайша, кәсіпорындардың іскерлік белсенділіктері күшейіп, мемлекетаралық өндірістік және сауда бірлестіктері, бірлескен кәсіпорындар құрылады. Үш ел­дің біртұтас нарқы өзара және ше­телдік инвестициялар мен инновациялар үшін тартымдырақ бола түседі, кәсіпкерлер экономиканы жедел дамыту мен жаңа жұмыс орындарын құруды қамтамасыз ететін қосымша ресурстарға ие болады. Сондай-ақ, БЭК-ке мүше елдердің орасан зор транзиттік әлеуеті бұрынғыдан да тиімдірек пай­даланылады. Азаматтар үшін трансшекаралық байланыс­тар айтарлықтай жеңілдеп, олар өздерінің күш-жігерлері мен еңбек машықтарын еңбектің ор­тақ нарқына сала алады. Бұл ара­да еңбек мигранттарының заң­мен қорғалатынын, оларға және олардың отбасы мүшелеріне мін­детті медициналық және білім беру қызметтері қолжетімді болатынын атап көрсеткен жөн. Қазақстан Президенті Н.Ә.На­зарбаев өзінің 2011 жылдың 25 қа­занында «Известия» газетінде жарияланған «Еуразиялық одақ: идеядан болашақтың тари­хына» деп аталатын іргелі мақаласында: «Кеден одағы – бұл интеграцияның бүкіл ТМД кеңістігіндегі шын мәнінде алғашқы ерікті және тең құқылы формасы. Ол елде­рі­міз тарихында тұңғыш рет ха­лық­тарымызды өзара құрмет, ұлттық болмыс-бітімді сақтау мен ортақ болашақтың бөлшектенбейтінін сезіну негізінде жақындастырады. Кеден одағының БЭК-ке, уақыт өте келе, мен бұған нақты сенімдімін, Еуразиялық экономикалық одаққа бірізділікпен трансформациялануы біздің халықтарымыздың өсіп-өркендеуі үшін қуатты ынталандырушы күш болып қана қоймай, елдерімізді жаһандық әлемде жетекші шептерге шығарады», деп атап көрсетті. Еуразиялық интеграцияның ядросы деп Ресей мен Қазақстанды атап айтқан жөн, ол біздің мемлекеттеріміз басшыларының шешімді интеграциялық іс-қимылдарының арқасында жүзеге асты. Оның үстіне, В.В.Путин мен Н.Ә.Назарбаевтың экономикалық прагматизм, теңдік, өзара пайда және әр елдің мүддесіне құрмет қағи­даттарына негізделген инте­гра­циялық үдерістерге көз­қа­растары іс жүзінде өте-мөте ұқ­сас. Мәселен, Ресей Президенті В.В.Путин 2013 жылдың шіл­де­сіндегі Н.Ә.Назарбаевпен Аста­на­дағы кездесуінде былай деп атап көрсетті: «Сіз, іс жүзінде, біз­дің Кеден одағының негізін салушы – әкесіз, бұл Сіздің идея­ңыз болатын және біз оны дәйек­тілікпен дамытып келеміз. Мұның посткеңестік кеңістікте интегра­ция бағытындағы ең үлкен қадам екені сөзсіз. Және біз қазір оның тиімділік бере бастағанын айқын сезініп отырмыз». Бүгінгі таңда жүктемені сыртқы сұраныс емес, Кеден одағындағы ішкі сұ­раныс қамтамасыз етуде. Бұл үш елдің түрлі өнеркәсіп салаларында, ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында айқын көрініс тауып отыр. Беларусь пен Қазақстанның «үштік» шең­беріндегі саудасының үлес сал­мағы ұлғайып келеді. Кеден ода­ғы жұмыс істей бастаған уа­қыт­та өзара саудадағы шикізат ре­сур­сының үлесі 40 пайыздан 33 пай­ызға дейін төмендеді, яғни тауар айналымының құрылымы жақсарды. Бұған қоса, Кеден одағы мен БЭК-тің басты мәні – бұл үш ел әлеуетін біріктіруден синергиялық тиімділік алу, яғни бірге жұмыс істей отырып, әрқайсысының жекеден гөрі көбірек тиімділік алуы деген сөз. Салааралық баланстың есебіне сәйкес, 10 жылдағы ин­те­грациялық жиынтық тиімділік Кеден одағына мүше әр ел үшін ІЖӨ-нің қосымша 17 пайыздан 20 пайызға дейінгі өсімін құрауы мүмкін. Тұтастай алғанда, оның жалпы сомасы шамамен, 700 млрд. долларды құрайды. Аса өткір проблемаларды шешкен жағдайда Қоғамдастықта өзара іс-қимылдың тиімді тетіктері жасалатынын атап көрсетемін. Мәселен, 2009 жылы Қоғамдастыққа мүше мемлекеттер тарапынан әлемдік қаржы-экономикалық дағдарысты еңсеру бойынша қабылданған Бірлескен іс-шаралар жоспары табысты орындалғанын айтуға болады. Сондай-ақ, осы мақсаттарда ЕурАзЭҚ-тың Дағдарысқа қарсы қоры мен Жоғары технологиялар орталығы құрылған-тын. ЕурАзЭҚ халықаралық мәр­те­беге ие және БҰҰ-ның бақы­лау­шысы болып табылады. ЕурАзЭҚ-тың бірлесіп бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асырып келе жат­қан басты халықаралық әріптестері қатарында БҰҰ ЕЭК, ЭСКАТО, ЮНИДО, ЮНЕСКО, БҰҰ Да­му бағдарламасы, МАГАТЭ, Миг­ра­ция жөніндегі халықаралық ұйым, Орталық Азия елдері экономикасы үшін арнайы бағдарлама, Дү­ние­жүзілік сауда ұйымы, ЕҚЫҰ, ЕО Өкілдігі, Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес бар. ТМД, ҰҚШҰ, ШЫҰ се­кіл­ді өңір­лік құрылымдармен ын­ты­мақ­тастық та ерекше орын алады. Қоғамдастықтың жал­пы­құ­қық­тық кеңістік қалып­тастыру бой­ын­ша міндет­терін орындау­да ЕурАзЭҚ Парла­мент­арлық Ас­сам­блеясының да алар орны айтар­лықтай. 2012 жылдың қаң­тарында Қоғамдастық пен Кеден одағындағы экономикалық таластарды шешу үшін ЕурАзЭҚ-тың жаңа Соты құрылды. Қоғамдастық елдері бірлесіп мемлекетаралық мақсатты бағдар­ламалар жасауда және олар табыс­ты жүзеге асырылуда. Еуразия да­му банкі мен Еуразиялық іс­керлер кеңесі белсенді жұмыс іс­теп тұр. Сауда-экономикалық ин­­теграциядағы табыстармен қа­тар, әлеуметтік, еңбек және миг­ра­ция саясаты, білім беру, ден­сау­лық сақтау, мәдениет, спорт және экология салаларындағы әлеу­меттік-гуманитарлық блоктың аса маңызды мәселелері де жемісті шешіліп келеді. «ЕАО құру жобасында» еура­зиялық интеграциялық құры­лымдарды қалыптастыруда Еуро­одақтың тәжірибесін пайдалану қарастырылғанын атап көрсеткен жөн. Мәселен, ЕО-да соңғы кездері ұлтүстілік органдардың қыз­метімен, институттық және функциялық проблемалармен, сондай-ақ, ЕО-ның кеңеюімен және бұл одақтағы ішкі миграция­мен байланысты айтарлықтай қиындықтар бой көрсетіп отыр. Осының барлығы ЕурАзЭҚ, Кеден одағы және БЭК құру барысындағы практикалық жұмыстарда жан-жақты ескерілді. Оның үстіне, ЕО тәжірибесі сыни сүзгіден өткізіліп, біздің елдерімізде қалыптасқан жағдайларға бейімдендірілді. 2011 жылдың 18 қарашасында үш ел президенті Еуразиялық эко­номикалық интеграция туралы декларацияға қол қойды. Бұл құжатқа сәйкес, таяудағы инте­грациялық міндет Кеден ода­ғы мен БЭК-тің әлеуетін то­лық жүзеге асыру, ал одан әрі осы негізде Еуразиялық эконо­ми­ка­лық одақ құру болып табыла­ды. Бұл Одақта нарықтар ғана емес, сондай-ақ, мүше елдер эконо­микасын дамытудың страте­гия­лық жоспарлары мен перспек­ти­валары да біріктірілетін бола­ды. Жаңа бірлестік ғылым және білім салаларындағы техно­ло­гия­лық, модернизациялық, ин­но­ва­циялық кооперацияның тиім­­ділігі үшін қосымша мүмкін­дік­тер ашады деп күтілуде. Тағы да қайталап айтатын бол­сам, интеграциялық үдерістер біз­дің мемлекеттерімізді геосая­си мегажоба – Президент Н.Ә.На­зарбаев осыдан 20 жыл бұ­рын мәлімдеген еуразиялық жоба – Еуразиялық экономикалық одақ құруға жоспарлы негізде жетелеп келеді. Үш мемлекет басшысы Еуразиялық экономикалық одақ құру туралы шартқа осы жылы-ақ қол қоюды жоспарлап отыр. Бұл жерде ЕурАзЭҚ пен оның аясында құрылған интеграциялық құрылымдар барлық ТМД елдері мен басқа да шекаралас мемлекеттер үшін ашық екенін атап көрсеткен абзал. Кеден одағына кіру туралы ресми өтінімді Қыр­ғыз Республикасы 2011 жы­лы берді. Бұл елдің Кеден одағы мен БЭК-ке қосылуы туралы «жол картасы» бойынша жұмыс аяқталып келеді. 2013 жыл­дың қыркүйегінде Кеден одағы мен БЭК-ке кіргісі келетінін Арме­ния мәлімдесе, оның да «жол картасы» 2013 жылдың 24 желтоқ­санында өткен Жоғары Еура­зиялық экономикалық кеңестің мәжілісінде бекітіп үлгерілді. Тәжікстан да Кеден одағына қо­сы­лу мәселесін зерделеу үстінде. Қазіргі заманғы еу­ра­зиялық интеграция соңғы 20 жыл бедерінде тарихи өлшем бойынша қалыптасу мен дамудың жедел жолынан өтті. Еуразиялық идеясын «қоғамдық жобаға» айналдыра және оны бүгінгі өмір шындығына бейімдей отырып, Н.Ә.Назарбаев посткеңестік кеңіс­тіктегі экономикалық инте­грацияға халықаралық-саяси тұр­ғыдан жаңаша серпін берді. Бұл идеяны жүзеге асыру ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекет басшыларының, еуразиялық интеграция үдерісіне барлық қатысушылардың саяси ерік-жігері нәтижесінде мүмкін болды. Бірақ бұл үдерістерде қазіргі заманғы еуразиялықтың белсенді жолбасшысы ретінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың рөлі ерекше екені еш күмән туғызбайды. Мәселен, Ресей Президенті В.В.Путин былай деп атап көрсетеді: «Н.Ә.Назарбаев қа­шанда интеграциялық үдеріс­тер­дің дәйекті жақтаушысы ретінде көрініп келеді. Кеден одағын құрудағы, тұтастай алғанда, ТМД кеңістігі мен ЕурАзЭҚ-тағы өзара іс-қимылды нығайтудағы оның рөлінің қаншалықты жоғары еке­нін бағаламау мүмкін емес. Ол ШЫҰ-да, ЕҚЫҰ-да, басқа да ха­лық­аралық ұйымдарда аса зор жеке беделге ие». Беларусь Прези­денті А.Г.Лукашенконың пікі­рін­ше, «Нұрсұлтан Әбішұлы біздің бәріміздің ЕурАзЭҚ-тағы қарым-қа­тынасымыздың моторы болды». Соңғы 20 жыл қазіргі заманғы еуразиялық интеграция биігіне көтерілудің қиын да табысты екі он жылы болды. Бәріміз Президент Н.Ә.Назарбаевты ЕАО жобасын дер кезінде ілгерілетіп, оны іс жүзіне асыруға қол жеткізгенімен құттықтаймыз. Бұл Қазақстан Президенті өзінің ерік күшінің, нақты ұстанымының, дәйекті де мақ­саткерлік жігерінің, шы­ғар­машылық қуаты мен энту­зиазм­ының арқасында қол жеткізген аса үлкен жетістік болып табылады. Бұл арада Ресей және Беларусь президенттері тарапынан лайықты қолдау көрсетілгенін де атап көр­сеткен орынды. Н.Ә.Назарбаевтың күмәнсіз көш­басшылық факторы мен пас­­сио­нарлық тұлғасы біздің та­рихы­мыздағы тағдыршешті кезең­де жарқырай көрінді. Қазақ­стан Президентінің нақ осы пас­сио­­нар­лығы өткен жылдар­дың бәрін­де еуразиялық идеясын жаңа­шылдықпен қайта салмақ­тап, ЕАО жобасын кейін жүзеге асатындай етіп түбегейлі жасау­ға мүмкіндік берді. Бұған қоса, Қазақстан басшысы шығар­ма­шылық тұлға ретінде барлық посткеңестік елдердің әрі қарайғы ынтымақтастығы перс­пективаларын әркез іздестірумен келеді. Қорыта айтқанда, Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті бү­кіл әлемде көрнекті саясаткер, стратег және еуразиялық жоба­сы­ның бас архитекторы ретінде танылған кең ауқымды тарихи қай­раткер болып табылады. Ал бұл жоба – жаңа Еуразияда ба­қуат­ты да бақытты өмір сүргісі ке­ле­­тін­дердің бәрі үшін басты бағдар. Тайыр МАНСҰРОВ, ЕурАзЭҚ-тың бас хатшысы.