Аймақтар • 29 Желтоқсан, 2021

Автокөлік пойызбен соқтығысты

336 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайдағы теміржол өткелінде автокөлік пойызбен соқтығысқан, деп хабарлайды Egemen.kz облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Автокөлік пойызбен соқтығысты

«Бүгін таңертең Автоцон ауданында ЖКО орын алды – «Нұр-Сұлтан-Орал» бағытындағы пойыз теміржол өткелінде Chevrolet Cruze маркалы автокөлікпен соқтығысты. Көлікті 40 жастағы жүргізуші басқарған. Қазіргі уақытта оқиға орнында кезекші жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр», деп түсіндірді департаменттен.

Жүргізуші бағдаршамның қызыл шамын елемей, өткелден өтіп кетуге тырысқаны анықталды. Жүргізуші ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде.