Қазақстан • 29 Желтоқсан, 2021

Бәсекелестікті дамытуға қатысты заң жобасына өзгерістер енгізілді

400 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Парламент Мәжілісінің бүгінгі жалпы отырысында палата депутаттары «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістерді қабылдады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бәсекелестікті дамытуға қатысты заң жобасына өзгерістер енгізілді

Заң жобасы мемлекеттің кәсіпкерлікке қатысуын қысқартуға, кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қолдау шараларына тең қол жеткізуін қамтамасыз етуге, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға, сондай-ақ тауар нарықтарына кіру үшін әкімшілік және экономикалық кедергілерді барынша қысқартуға бағытталған.

«Аталған заң жобасы 8 желтоқсанда мақұлданды және ол Сенатқа қабылданған 152 позициямен жіберілді. Сенат енгізген түзету нақтылау сипатына ие, Мәжіліс мақұлдаған заң жобасының тұжырымдамасы мен мазмұнын өзгертпейді. Комитет (Мәжілістің Экономикалық реформа және өңірлік даму комитеті) «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бәсекелестікті дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасына Сенат енгізген өзгерістермен келісуді ұсынады», деді Мәжіліс депутаты Самат Ақышев.

Құжатты қарау кезінде депутаттар бұл ұсынысты бірауыздан қолдады.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50