«Ақиқатын айтар болсақ, «Канело» соңғы бірнеше жылдың бедерінде өзі анық жеңетін қарсыластармен кездесіп жүргені сөзсіз. Ол Илунга Макабудан айласын асыратынын жақсы біледі. Бірақ мұндай жасанды рекорд кімге керек?
«Канело» 2018 жылдан кейін мықты боксшыға қарсы рингке көтерілуді ұмытты. Геннадий Головкинге қарсы өткізген екінші кездесуінен кейін ол тәуекелге бара алмайтын болып қалды. Головкиннен кейін Сауль әлсіз қарсыластармен жұдырықтасып жүргенін бәріміз білеміз. Илунга Макабуды қарсылас ретінде таңдауы – сөзіме дәлел. Қысқасы, Альварес жақын арада қауіпті қарсыласпен кездеспейді. Оған сол тиімді болып тұр», дейді сарапшы.