Кәсіпқой бокс • 29 Желтоқсан, 2021

Уайт тәбетін азайтпаса далада қалады – Промоутер

249 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Әйгілі промоутер Боб Арум WBC тұжырымы бойынша аса ауыр салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы, ұлыбританиялық боксшы Тайсон Фьюри мен оның отандасы Диллиан Уайт арасында өтуі мүмкін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz

Уайт тәбетін азайтпаса далада қалады – Промоутер

«Тайсон Фьюри мен Диллиан Уайт арасындағы шайқас тартысты өтетіні даусыз. Тайсон – қазірдің өзінде аты аңызға айналған боксшы. Егер Уайт оны жеңетініне сенімді болса, біз ұсынған сомаға келісуі керек. Біз дәл қазір табыстың 75 пайызын Тайсон, 25 пайызын Диллиан алады деген ұсыныс жасадық. Алайда Диллиан 5,5 миллион долларды місе тұтпай, 10 миллион доллардан астам ақша сұрап отыр.

Сіздер Уайттың осы уақытқа дейін қанша табыс тапқанын қарап көріңіздер. Түкке татымайды. Ал біз ұсынған сома оның кәсіби мансабындағы ең үлкен табысы болатыны сөзсіз. Егер Диллиан көнбеген жағдайда Тайсон тек The Ring журналының белдігін ғана қорғайды. Одан кейін Александр Усик пен Энтони Джошуа жекпе-жегінің жеңімпазымен кездеседі. Бұл жағдайда тек Диллиан Уайт қана бармақ тістеп қалады», дейді ол.