«Қолжетімді тұрғын үй-2020» бағдарламасымен бой көтерген көп қабатты ғимараттар құрылысына қазына қоржынынан 926 миллион теңге бөлініп, оны бас мердігерлер «Стройқұрылыс-2030» және «СтройТехСервис Көкшетау» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері толық игерді. Жайлы пәтерлер негізінен соғыс және еңбек ардагерлеріне, әлеуметтік тұрғыда нашар қорғалған жандарға, жас отбасыларға, балалар үйінің түлектеріне берілді. Бұл санаттағы кісілердің саны 74 адамды құрап отыр.
Сондай-ақ, халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында, «Бірлік» шағын ауданында ата-аналар мен оқушылар асыға күткен жаңа мектеп кешені есігін айқара ашты. Оқу-тәрбие кешенінде 216 орындық мектеп пен 80 орындық балалар бақшасы қатар орналасып отыр. Мұнда қазақ тілі, математика, биология, химия, физика, информатика, ағылшын тілі кабинеттері тиісті жабдықтарымен жарқырап тұр. Заманауи спорт залы мен асхана да әсемдігімен көз тартады.
Қуанышты шараға жиналғандар заман талабындағы құрылыстың тиімділігін атап көрсетіп, оны сапалы атқарған «Мәрмәр» ЖШС ұжымына алғыстарын білдірді.
Бақберген АМАЛБЕК,
«Егемен Қазақстан».
КӨКШЕТАУ.
–––––––––––––––
Суреттерді түсірген
Ермұрат ДОСЫМОВ.

Грек-рим күресінен Бішкекте төрт жүлде алдық
Күрес • Кеше
Өскеменде жол апатынан екі жүргізуші қаза тапты
Оқиға • Кеше
Павлодарда волейболдан маусым үздіктері анықталады
Аймақтар • Кеше
Астанадағы балалар ауруханасында өрт шықты
Оқиға • Кеше
UWW президенті Ненад Лалович Қазақстанға келді
Қоғам • Кеше
Қала көркіне айналмақ эко-парк
Экология • Кеше
12 сәуір – Ғылым қызметкерлерінің күні
Президент • Кеше
Адамзаттың ғарыш көгіне самғағанына – 65 жыл
Технология • Кеше
Қазақстанда ғалымдардың табысы қандай?
Ғылым • Кеше
Ғылым – ұлттық қуаттың интеллектуалды қалқаны
Ғылым • Кеше
Айды зерттеу: Қазақстан ғылымындағы ізденістер
Ғылым • Кеше