Әлем • 30 Желтоқсан, 2021

Ақ үй Байден мен Путиннің не туралы сөйлесетінін айтты

206 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін АҚШ көшбасшысы Джо Байден мен Ресей Президенті Владимир Путин телефон арқылы байланысқа шығып, бірнеше маңызды мәселелерді талқылайды, деп хабарлайды Egemen.kz ria.ru сайтына сілтеме жасап.

Ақ үй Байден мен Путиннің не туралы сөйлесетінін айтты

«Президент Байден Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен бірқатар тақырыптар бойынша әңгімелеседі. Оның ішінде алдағы дипломатиялық өзара іс-қимыл туралы да пікірлеседі», делінген Ақ үйдің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Екі ел Президенті Ресей уақытымен 23.30-да байланысқа шығады деп күтілуде.