12 Наурыз, 2014

Контрабанда қолға түсті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз шекара отрядына қарасты «Сыпатай батыр» заставасының наряды қызмет барысында шекарадағы инженерлік құрылғылардың бұзылып, Қырғыз жерінен елімізге қарай өткен бірнеше жылқының іздерін байқады. Із кескен шекарашылар Мыңқазан елді мекеніне қарай жолға шыққан. Олар жолда үш жылқыны артып алған «ГАЗ-53» автомашинасын тоқтатты. Сөйтсе жылқыларды шекарадан заңсыз өткізуге тырысқандар екі отандасымыз болып шықты. Ал Орал шекара отрядына қарасты «Ақсай авто» өткізу-бақы­­­лау пунктінің сақшылары 65 жастағы ресейлік азаматты ұстады. Жалпы салмағы алты килограмм болатын бекіре балықтарын «Форд» автокөлігіне жасырған азамат оларды елімізден Ресейге заңсыз алып өтпек болған. Сол сияқты Ақтөбе шекара отрядының шекарашылары «Камаз» автокөлігімен Ресейге кетіп бара жатқан еліміздің үш азаматын тоқтатты. Әлгі автокөлікті тексеру барысында жалпы салмағы 48 тонна болатын, алдын ала бағасы 1 776 000 теңгені құрайтын қара металл өнімдерін тапты. «Жайсаң авто» өткізу-бақылау пунктінің бақылаушылары Қазақ­станнан Ресейге тіркемелі «DAF» автокөлігімен кетіп бара жатқан 50 жастағы Украин азаматын ұстады.  Ол жалпы салмағы 20 тонна болатын электротермиялық феррофосфор өнімін қитұрқы әрекеттермен (жалған құжаттармен) Украинаға алып өтуге әрекеттенген, деп хабарлады  ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.