
«Соңғы әлем чемпионатында өз салмағында чемпион атанған боксшыға 100 мың доллар көлемінде сыйақы берілгенінен хабардарсыздар. Енді ұйым Азия және Еуропа чемпионатында жүлде алған спортшыларға да қаржылай сыйақы тағайындайтын болады. Сыйақы көлемі жыл өткен сайын арта түспек. Алдағы әлем чемпионатында топ жарған боксшы биылғыдай 100 мың емес, 200 мың доллар табыс табады», дейді ұлттық құраманың бас бапкері.