Оқушылардың командалық жұмысы STEM (жаратылыстану ғылымдары және инженерия) блогының пәндерін үйренуге бағытталған. Бұл кез келген оқушыға жаратылыстану пәндерін тәжірибе жүзінде қызықты әрі көрнекті етуге мүмкіндік береді.
– Көптеген мектепте оқушылар тек теориялық білім алатындықтан, зерігіп, содан оқу үлгерімі төмендеуі байқалады. Жоба арқылы оқушылар ғылыми пәндерді оптикалық материалдар бойынша оқуға мүмкіндік алады. Қазір ғылыми патент алу үстіндеміз. Көп ұзамай қосымшаны AppStore және PlayMarket-те іске қосатын боламыз, – дейді команда капитаны Әлібек Сеитов.
Балалардың айтуынша, жұмыстың көп бөлігі идеяны жетілдіруге жұмсалды: топтың бір бөлігі виртуалды көріністер немесе бөлмелер (пайдаланушы эксперименттер жүргізетін жер) жасауға көңіл бөлсе, кейбірі зерттеу материалдарды қарапайым және түсінікті тілде жазып, өзгелері мобильді қосымшаның жұмысын тексеріп, қателіктерін анықтаған. Қосымша – жоғары сынып оқушыларының топтық еңбегінің жемісі.
– Біз оқушылар нақты ғылымдардың қағидаттарын жеңіл игере алатын дүние жасадық. Мысалы, жасушалардың құрылымы, ауырлық принципі секілді тақырыптар. Барлық күш-жігерімізді ғылыми салалардағы шығармашылық көзқарас тұжырымдамасын жаңғыртуға және жүйелеуге бағыттадық, – деп түсіндірді 9-сынып оқушысы, қосымшаның техникалық бөлігіне жауапты маман Инсар Тунгушбаев.
Оқушылар алдымен мобильді қосымшаны өз мектептерінде пайдалануды жоспарлап, оны 9 Б сыныбының физика сабағында сынап көрді.
– Қосымшаның тиімділігін атап өткім келеді. Бір роликтің ішінде біз ауырлық заңы және масса ұғымдарымен таныстық, – дейді 9-сынып оқушысы Санжар.
Accessus жобасы Solve for Tomorrow республикалық байқауының қазылар алқасының да көңілінен шықты. Оқушылар мобильді қосымшаны жүзеге асыру мақсатында 450 мың теңге көлеміндегі сыйақы алды. 2010 жылы АҚШ-та құрылған Solve for Tomorrow бағдарламасы қазір әлемнің 23 елінде жұмыс істейді, – дейді Нұр-Сұлтан Халықаралық мектебінің баспасөз хатшысы Құралай Исаева.