Қоғам • 31 Желтоқсан, 2021

Қазақстандықтар қаңтарда 13 күн демалады

6730 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2022 жылдың бірінші айында аптасына бес күн жұмыс істейтін қазақстандықтар 13 күн демалады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандықтар қаңтарда 13 күн демалады

2022 жыл сенбіде басталады. Мереке күндері - 1 және 2 қаңтар - сенбі, жексенбіге, 3 және 4 қаңтар дүйсенбі және сейсенбіге түседі.

5 және 6 қаңтар, бейсенбі және сенбі - жұмыс күндері. 7 қаңтар, жұма - демалыс. Бұл күні Қазақстан Православ рождествосын атап өтеді. 8 және 9 қаңтар, сенбі және жексенбі - демалыс күндері.