Жақында белгілі журналист, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика және саясаттану факультетіндегі баспасөз және баспа ісі кафедрасының доценті, филология ғылымдарының кандидаты Мұратбек Тоқтағазин Халықаралық ақпараттандыру академиясының толық мүшесі-академигі болып сайланды.
Ол – «Деректілік пен көркемдік», «Ақмола үшін айқас» кітаптарының авторы, «Әйгілі Әзаға», «Әзілхан Нұршайықов және қазақстандық журналистиканың өзекті мәселелері», «Бекзат болмыс» кітаптарының құрастырушысы, «Бүтін бітім» кітабы құрастырушыларының бірі. Республикалық баспасөзде 500-ден астам көсемсөздік материалдары мен ғылыми мақалалары жарық көрген.
Халықаралық ақпараттандыру академиясы ақпараттар табиғатын танып-білу, ақпараттық технологиялар, экологиялық және ақпараттық-талдамалық қызмет, қоғамды ақпараттандыру және бірыңғай әлемдік ақпараттық бірлестік құру саласында пікірлестердің басын қосатын өзін өзі басқаратын тәуелсіз қоғамдық бірлестік болып табылады. Ол – елімізге танымал БАҚ өкілдері мен әр саладағы әйгілі ғалымдардың басын қосатын іргелі ұйым.
Гүлжазира ЕРТАСОВА,
Еуразия ұлттық университетінің
аға оқытушысы.