Футбол • 31 Желтоқсан, 2021

Альваро Мората «Барселона» жейдесін киеді

298 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Журналист Ромео Агрести испаниялық шабуылшы Альваро Мората «Барселона» футбол клубына ауысатындығы туралы ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Альваро Мората «Барселона» жейдесін киеді

Ол келтірген деректерге зер салсақ, футболшы каталониялық клубпен 1,5 жылдық келісімшартын келісіп те қойған. Әйткенмен, Мората «Барселона» командасына ауысуы үшін Италияның «Ювентус» футбол клубы оны алмастыратын ойыншы табуы керек.

Альваро Мората негізінен испаниялық «Атлетико» футбол клубының ойыншысы екені баршаға мәлім. Футболшы италиялық «Ювентус» футбол клубына жалға берілген. Бұл маусымда ол 23 ойында жасыл алаңға шығып, жеті мәрте мергендігімен көзге түскен. Сондай-ақ екі рет нәтижелі пас авторы атанған.